2022 жылғы «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ЕСЕБІ

2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына сәйкес, 2022 жылы "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру; Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу; жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату; жер учаскесін алуға кезекке қою.

2022 жылы мемлекеттік қызмет ақылы негізде берілмеген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Жамбыл ауданының бөлімі арқылы өтініш түстікен жоқ.

«Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы 14 өтініш түсті, соның ішінде жеке тұлғалардан 14 өтініш, заңды тұлғалардан 3 өтініш түсті.

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" – 10 оның ішінде 3 заңды тұлғадан

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 4 өтініш жеке тұлғадан түсті

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту фактілері болған жоқ.

Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында "электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділік бұрышы" бар, оның көмегімен ауылдық округтің тұрғындары қажетті қызметтерді e-gov "электрондық үкімет" порталы арқылы ала алатын картридер бар.

Электронды түрде «Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы - 535 мемлекеттік қызмет көрсетілді

Ауылдық округ әкiмiнiң ғимаратында халыққа қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету және халыққа көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет көрсету туралы хабардар ету үшiн көрнекi ақпаратпен (стандарттар, ережелер, көрсетiлетiн қызметтердiң атауы және оларға жауапты тұлғалар, жұмыс кестесi, үлгiсi бар өтініштер, шағымдарға арналған журнал) стендтер орналастырылады. Ауылдық округ әкімінің сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде осындай ақпарат бар.

Мемлекеттік қызметтер «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңына, бекітілген нормалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Қызметтер балама ретінде де, баламалы негізде де ұсынылады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге ішкі бақылау нәтижелері бойынша 2022 жыл ішінде қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.

2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 7 түсіндіру іс-шаралары өтті, 11 ақпанында Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша интернет конференция, 2022 жылдың 15 наурызында Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша семинар, 1 әңгімелесу өткізілді.

"Ауыл арайы" және "Сельская новь" газеттерінде 2022 жылдың 27 мамырында № 21 "Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету", "Государственные услуги для населения" тақырыптарында мақалалар жарияланды.

 2022 жылдың 21 маусымында Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша Есперли ауылы тұрғындары мен мектеп мұғалімдері арасында семинар өткізілді.

"Ауыл арайы" және "Сельская новь" газеттерінде 2022 жылдың 28 қазанында № 43 "Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету", "Государственные услуги для населения" тақырыптарында мақалалар жарияланды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында, апта сайын халықты цифрлық сауаттылығы оқыту тегін курстары өткізіліп отырылады. Барлығы 296 адам "Электрондық үкімет" порталын пайдалану дағдыларына оқытылды.

Тұрақты негізде тұрғындар арасында электрондық мемлекеттік қызметтерді алу артықшылықтарын түсіндіретін кітапшалар, парақшалар, буклеттер таратылады, соның ішінде Digital agent бойынша ауылдық округ әкімінің және фейсбук сайттарында орналастырылған.

2022 жылы ауылдық округ тұрғындары арасында 540 дана брошюралар таратылды.

Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартудың тиімділігі мақсатында әкім аппараты түсіндіру іс-шараларын ("Ашық есік күні", семинарлар, дөңгелек үстелдер, БАҚ-та, "Facebook" әлеуметтік желісінің платформасында және мемлекеттік органның ресми сайтында мақалалар жариялау) өткізу, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтау бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сұрағы бойынша қызмет алушылардың шағым ақпараты

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағым түскен жоқ.

Жамбыл ауылдық округінің әкімі                           Н. Тұрсынбаев

Дата публикации
21 февраля 2024