Баспасөз-хабарлама

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/5  «2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

                                           пресс-релиз

 

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі болып Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 96-баптары, 98-бабының 1-тармағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы келтірілген, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабы болып табылады.

Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

Жамбыл  ауылдық округінің бюджетін нақтылаудың көздері:

бюджеттің кіріс бөлігін түзету, бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарлы қаражатты қайта бөлу, аудандық бюджеттен нысаналы трансферттерді азайту.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

 

 

      Солтүстік Қазақстан облысы 

              Жамбыл ауданы 

Жамбыл  ауылдық округінің  әкімі                         Н.Тұрсынбаев

 

 

Дата публикации
29 июля 2026