Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 23/13 «2023-2025 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 

11.04.2023

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 23/13 шешіміне (Эталондық бақылау банкінде Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін ресми жариялау № 177485 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округінің бюджеті көрсетілген шешімге тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 28 610,7 мың теңге:

салықтық түсімдер – 1 700 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 379,7 теңге;

трансферттер түсімі – 23 531 мың теңге;

2) шығындар – 28 812,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -202,2 тысяч теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 202,2 тысяч теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 202,2 тысяч теңге.»;

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. 2023 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары және 2022 жылы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) аудандық және облыстық бюджеттердің нысаналы трансферттерін қайтару, осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес ауылдық округ бюджеттің шығыстары көзделсін.»;

мынадай мазмұндағы 5-2-тармақпен толықтырылсын:

«5-2. 2023 жылға арналған ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен нысаналы трансферттер ескерілсін, соның ішінде:

1) таратушы су құбыры желілерін ресімдеуге.

Аудандық бюджеттен көрсетілген нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округі әкімінің 2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округтің бюджеті туралы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы шешімімен айқындалады.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес шешім 4-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 

Жамбыл ауданы мәслихатының төрағасы Л. Топорова

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының шешіміне өтініштер 

 

Дата публикации
13 декабря 2023
Дата обновления
13 декабря 2023
Тип

Сейчас читают

20 марта 2026
Мемлекеттік қызметтер бойынша семинар
01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу
31 июля 2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы