29.03.2022
Осы нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттiк кодекстiң 106, 109-1 бабтарына және 111-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 26 бабына негiзделген болып келедi.
Мәслихаттың осы шешiмiн қабылдаудың мақсаты — мемлекеттiк органның мiндеттерiн iске асыру, ауылдық округтiң әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.
Троицк ауылдық округi бюджеттiң нақтылау көздерi:
2022 жылы 1 қаңтарда құралған бюджет қаражаттарының бос қалдықтары есебiнен ауылдық округiнiң бюджеттiң шығындарын қарастыру және 2021 жылы пайдаланылмаған облыстық және аудандық бюджеттердiң нысаналы трансферттерiн қайтару.
Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын қабылдау терiс әлеуметтiк-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкелмейдi.
Шешiм жобасы ашық НҚА бөлiгiндегi «Электрондық Үкiмет» парталына орналастырылды.
Троицкий ауылдық округiнiң әкiмi А.С.Темешев
Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 11/13 «2022-2024 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицк ауылдық округiнiң бюджетiн бекiту туралы» шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТI:
1. Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицк ауылдық округiнiң бюджетiн бекiту туралы» 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 11/13 шешiмiне (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегi эталондық бақылау банкiнде № 163373 жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицк ауылдық округiнiң бюджетi көрсетiлген шешiмге тиiсiнше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның iшiнде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер — 22 901 мың теңге:
салықтық түсiмдер — 1 388 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер — 0 теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер — 0 теңге;
трансферттер түсiмi — 21 513 мың теңге;
2) шығындар — 23 593,9 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу — 0 теңге:
бюджеттiк кредиттер — 0 теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу — 0 теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо — 0 теңге:
қаржы активтерiн сатып алу — 0 теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер — 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицитi) – — 692,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) — 692,9 мың теңге:
қарыздар түсiмi — 0 теңге;
қарыздарды өтеу — 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары — 692,9 мың теңге.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Ауылдық округ бюджеттiң шығыстары 2022 жылғы 1 қаңтарда қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары және 2021 жылы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) облыстық және аудандық бюджеттердiң нысаналы трансферттерiн қайтару есебiнен осы шешiмнiң 4-қосымшасына сәйкес қарастырылсын.»;
көрсетiлген шешiмнiң 1-қосымшасы осы шешiмнiң 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы шешiмнiң 2-қосымшасына сәйкес шешiм 4-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы шешiм 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.