22.10.2021
Осы нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiздемесi болып Қазақстан Республикасының кодексiнiң 106, 109-1-баптары және 111-бабының 1-тармағы, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы келтiрiлген, «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабы.
Мәслихаттың осы шешiмiн қабылдаудың мақсаты — мемлекеттiк органның мiндеттерiн iске асыру, ауылдық округтiң әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.
Троицкий ауылдық округiнiң бюджетiнi нақтылаудың көздерi:
Кiрiс бөлiгiн түзету, аудандық, облыстық және республикалық бюджеттерден берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер есебiнен бюджеттiң шығыс бөлiгiн ұлғайту және азайту.
Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын қабылдау терiс әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешiм жобасы «Электрондық Үкiмет» порталында ашық НҚА бөлiмiнде орналастырылған.
Солтүстiк Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
Троицкий ауылдық округiнiң әкiмi А.Темешев
Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 58/2 «2021-2023 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округiнiң бюджетiн бекiту туралы» шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТI:
1. Жамбыл ауданы мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округiнiң бюджетiн бекiту туралы» 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 58/2 шешiмiне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7036 болып тiркелген) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округiнiң бюджетi осы шешiмге тиiсiнше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның iшiнде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер — 29 861,5 мың теңге:
салықтық түсiмдер — 1 388 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер — 0 теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер — 0 теңге;
трансферттер түсiмi — 28 473,5 мың теңге;
2) шығындар — 29 961,4 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу — 0 теңге:
бюджеттiк кредиттер — 0 теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу — 0 теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо — 0 теңге:
қаржы активтерiн сатып алу — 0 теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер — 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицитi) — -99,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) — 99,9 мың теңге:
қарыздар түсiмi — 0 теңге;
қарыздарды өтеу — 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары — 99,9 мың теңге.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
«1) жергiлiктi мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлерiнiң жалақысын көтеруге.»;
көрсетiлген шешiмнiң 1-қосымшасы осы шешiмнiң 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешiм 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.