Меню

Страницы

Статья

Мабильдi азаматтар базасына қалай тiркелуге болады?

«Электрондық үкiмет» порталынан мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуды жеңiлдету мақсатында бiр реттiк парольдiң көмегiмен қызметке тапсырыс беруге мүмкiндiк жасалған.

Ол қалай жқмыс iстейдi? Бiр реттiк пароль — бұл sms-хабарлама, ол сұрау жiбергеннен кейiн азаматтың мобильдi телефонына келедi. Ол телефонына тексерiс кодын алады, оны e-gov.kz енгiзу қажет. Кодты енгiзгеннен кейiн портал автоматты түрде сiздiң номерiңiздi тексередi және телефон номерi мен осы базада тiркелген номермен сәйкес келген жағдайда сұралған қызмет нәтижесi тез арада ұсынылатын болады.

Мабильдi азаматтар базасына қалай тiркелуге болады?

Телефон номерiңiздi алушының жеке кабинетiнде не «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясына жүгiну арқылы ЖСН байлауға болады.

Бiр реттiк пароль бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi:

  1. Мекенжай анықтамасын алу;
  2. Жеке тұлғаларда жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру;
  3. ЖТ жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру;
  4. Жеке тұлғалар үшiн жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру;
  5. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру;
  6. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық паспорттың телнұсқасын беру;
  7. Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органмен бекiтiлген тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру;
  8. Жылжымайтын мүлiктiң меншiк иесi (құқық иесi) туралы мәлiметтi қамтитын техникалық паспортқа қосымша беру;
  9. Жылжымайтын мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың телнұсқасын алу;
  10. Жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiнен үзiндi беру;
  11. Мұрағаттық анықтамалар беру;
  12. Заңды тұлғаларды тiркеу, филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу туралы анықтаманы алу;
  13. Тiркелген заңды тұлға, филиал немесе өкiлдiк туралы анықтама беру;
  14. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкiлдiктерiнiң бар екендiгi туралы анықтама беру;
  15. Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру;
  16. Жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкiлдiктерге қатысуы туралы анықтама алу;
  17. Заңды тұлғаның барлық тiркелген әрекеттерi туралы анықтама алу;
  18. Көрсетiлген мерзiмге заңды тұлғаның тiркелгенi туралы анықтама беру;
  19. Құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерiстердiң енгiзiлгенi туралы анықтама беру;
  20. Заңды тұлғаның үлесiне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы анықтама беру;
  21. Некеге тұру туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру;
  22. Әкелiк құқықты бекiту туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш алу;
  23. Атын, тегiн, әкесiнiң атын өзгерту туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру;
  24. Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру
  25. Некенi бұзу туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру;
  26. Туу туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш алу;
  27. Аты, тегi, әкесiнiң атының ауысқаны туралы анықтама алу
  28. Некенiң бұзылғаны туралы анықтама алу;
  29. Некеге тұру туралы анықтама беру;
  30. Туу туралы анықтама алу. 

 

Дата публикации
13 декабря 2023
Дата обновления
13 декабря 2023
Тип

Сейчас читают

20 марта 2026
Мемлекеттік қызметтер бойынша семинар
01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу
31 июля 2025
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы