Құрметтi Троицкий ауылдық округiнiң тұрғындары мемлекеттiк қызметтердi үйден шықпай-ақ алыңыздар! Telegram мессенджерiнде: @Kenes1414bot (EgovKzBot2.0), Vkontakte және Facebook портал беттерiндегi «Egov.kz» немесе сайтқа кiрiңiз eGov.kz.

1. Жалпы ережелер
1.1. «Е-gov үздiк пайдаланушысы» байқауы (бұдан әрi — Байқау) Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiмен өткiзiледi (бұдан әрi — Департамент).
2. Байқау мақсаты
2.1. Байқау электронды мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.
3. Байқауға қатысу шарттары
3.1. Сайыс Солтүстiк Қазақстан облысының 16 және жоғары жастағы тұрғындары арасында өткiзiледi.
3.2. Конкурстық комиссия байқаудың бiрiншi кезең тапсырмаларын орындауға аз уақыт жұмсағандар арасында I, II, III орын иеленген жеңiмпаздарды анықтайды.
3.3. Байқау кезеңдерi:
I кезең
Байқау Webex Meet веб-сайтында үмiткерлер және байқау комиссиясы мүшелерiнiң тiкелей эфирiнде қосылуымен өткiзiледi, сайысқа қатысушылармен тапсырмалардың орындалуына баға берiледi.
Бекiтiлген кестеге сәйкес а.ж. 9 маусымда байқауға қатысушылар бөлек online жиналысқа қатысып, үш тапсырма орындайды:
- электронды-цифрлық қолтаңба алу (бұдан әрi — ЭЦҚ);
- электронды мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алу (мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет түрiн байқау комиссиясы белгiлейдi);
- мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi «Анықтамаларды үшiншi тұлғалармен алу» қызметi арқылы алу (мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет түрiн байқау комиссиясы белгiлейдi).
Әрбiр үмiткер оған дейiн болған байқауға қатысушының жиналыстан шыққанынан кейiн бағаланады.
2 кезең
Байқау қорытындысын шығару, оның нәтижесiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (а.ж. 15 маусымға дейiн)
3.4. Тапсырмаларды орындауға жұмсалған уақыт санау талаптары:
3.5. Байқау тапсырмаларын орындауға ең аз уақыт жұмсаған үмiткер жеңiмпаз болып анықталады.
3.6. Өтiнiмдер а.ж. 5 маусымға дейiн ugu_sko@bk.ru электронды поштаға немесе МОИП-тың g.zhusalina@kyzmet.gov.kz мекен-жайына «Байқау» белгiсiмен жiберiледi.
4. Жеңiмпаздардың марапатталуы
4.1. Жеңiмпаздар дипломдармен марапатталады.
4.2. Байқау қорытындысы және жеңiмпаздары туралы ақпарат БАҚ және Департаменттiң ресми сайтында орналастырылады.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдануды шағым беру арқылы жүзеге асыруға болады. Шағым тиiстi көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына берiледi.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда электрондық түрде не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.
Почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) көрсетiледi, шағымға қызметтi алушы қол қояды.
Қабылданған шағым көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтiнiштерiн есепке алу журналдарында тiркеледi. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегi және аты-жөнi, сондай-ақ берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны және шағымды қарау барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон болып табылады.
Портал арқылы жүгiнен кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинетiнен» өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.
Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта арқылы жолданады не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгiнедi.