Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 25/13 «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Троицкий ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 25/13 «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Троицкий ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының шешімі:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Троицкий ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 25/13 шешіміне келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Троицкий ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес тиісінше, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 185 292 мың теңге:                     

салықтық түсімдер – 6 614 мың теңге;                     

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;  

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 600 мың теңге;

трансферттер түсімі – 178 078 мың теңге;         

2) шығындар – 186 170,9 мың теңге;  

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;       

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;             

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:          

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;        

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -878,9 мың теңге;       

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 878,9 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 878,9 мың. теңге.

8-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1-тармақшамен толықтырылсын:

 «8-1. 2025 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары және осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес 2024 жылы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) аудандық бюджеттің нысаналы трансферттерін қайтару есебінен ауылдық округ бюджетінің шығыстары көзделсін.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

шешім осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы

 

 Л. Топорова

 

 

Жамбыл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 25/13 «2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

пресс-релиз

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі болып Қазақстан Республикасының кодексінің 106, 109-1-баптары және 104-бабының 4-тармағының 5) тармақшасы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы келтірілген, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабы.

Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

Троицкий ауылдық округінің бюджетіні нақтылаудың көздері:

2025 жылғы 1 қаңтарға белгіленген бюджет қаражатының бос қалдықтары, аудандық бюджеттен пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару, аудандық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен шығыстарды ұлғайту.

Шешім жобасы «Электрондық Үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.

 

      Солтүстік Қазақстан облысы 

              Жамбыл ауданы 

Троицкий ауылдық округінің әкімі                 Ә.Темешев  

Дата публикации
27 февраля 2025