Ынталандыру үстемеақысын белгілеу туралы

«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ынталандыру үстемеақысын белгілеу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы  1-тармағы, 15) тармақшасына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы   № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жергілікті атқарушы орган айқындаған тәртіппен және жағдайларда жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.
  2. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ынталандыру үстемеақысын белгілеу тәртібі мен төлеу шарттары Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округі әкімінің шешімімен айқындалады.
  3. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Жамбыл ауданы

мәслихатының төрайымы                                Л. Топорова

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Жамбыл ауданы мәслихатының

2024 жылғы  _____________

№____  шешіміне қосымша

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар, D блогына жататын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын (қосалқы персонал) және жұмысшылар (біліктілік разряды)

 

 

№ р/н

Лауазымдардың толық жазылуы (атауы)

Лауазымдық айлықақыға үстемеақы

1

2

3

1.

Басшының хатшысы

30%

2.

Аударма жөніндегі редактор

30%

3.

Жүргізуші

50%

 

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихаты шешімінің жобасына баспасөз хабарламасы

 

 

Осы нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармақтың 15) тармақшасына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына негiзделген болып келедi.

Осы шешімді қабылдау мақсаты техникалық қызметкерлерді және жалақысы төмен мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру мақсатында сыйлықақылармен ынталандыру болып табылады. Ынталандыру жәрдемақылары – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген материалдық көмектің қолданыстағы түрлеріне қосымша төлемдер және ынталандыру төлемдері.

Бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ынталандыру үстемеақыларын төлеуді қаржыландыру көзі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округінің жергілікті бюджеті болып табылады.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Жамбыл ауданы

Троицкий ауылдық округінің әкімі                 Ә.Темешев 

 

Дата публикации
26 декабря 2024