СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫ
МӘСЛИХАТЫ ШЕШІМІНІҢ ЖОБАСЫ
2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1) Кіріс – 227 183 мың теңге:
Салық түсімі – 120 343 мың теңге;
Салық емес түсім – 0 мың теңге;
Негізгі құралдарды сатудан түскен түсім – 1000 теңге;
Трансферттік түсімдер – 105 340 мың теңге;
2) Шығындар – 227 183 мың теңге;
3) Таза бюджеттік несие – 0 теңге:
Бюджеттік несиелер – 0 теңге;
Бюджеттік несиелерді өтеу – 0 теңге;
4) Қаржылық активтермен операциялар бойынша қалдық – 0 теңге:
Қаржылық активтерді сатып алу – 0 теңге;
Мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түскен түсім – 0 теңге;
5) Бюджет тапшылығы (профицит) – 0 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 0 теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.
мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген ауыл аумағында орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын табыстар бойынша жеке табыс салығы:
орналасқан жері - дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор үшін;
тұрғылықты жері - қалған жеке тұлғалар үшін;
ауыл, ауылдық округ аумағындағы осы салық салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
ауыл аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын елді мекендер жерлеріне салынатын жер салығы;
көлік құралдарына салынатын салық:
тұрғылықты жері ауыл аумағында орналасқан жеке тұлғалардан;
олардың құрылтай құжаттарында көрсетілген орналасқан жері ауылдың аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынады.
3.Ауылдық округтің бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша ауылдық округтің бюджетіне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып белгіленсін.
1) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын жергілікті атқарушы орган бойынша мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақыларын арттыруға.
2) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов селолық округі Преснов селосының көшелерін орташа жөндеуге.
Көрсетілген облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Преснов ауылдық округі әкімінің ауылдық округтің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы шешімімен айқындалады.
5. Осы шешім қабылданған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.