Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының 2025-2027 жылдарға арналған Преснов ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихатының 2025 жылғы 13 мамырда № 30/13 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Преснов ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) Кіріс – 356 175,6 мың теңге:
Салық түсімі – 109 070,6 мың теңге;
Салық емес түсім – 355,8 мың теңге;
Негізгі құралдарды сатудан түскен түсім – 2 773,6 мың теңге;
Трансферттік түсімдер – 243 975,6 мың теңге;
2) Шығындар – 359 964,2 мың теңге
3) Таза бюджеттік несие – 0 теңге:
Бюджеттік несиелер – 0 теңге;
Бюджеттік несиелерді өтеу – 0 теңге;
4) Қаржы активтерімен операциялар бойынша қалдық – 0 теңге:
Қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
Мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түскен түсім – 0 теңге;
5) Бюджет тапшылығы (профицит) – -3 788,6 мың теңге;
6) Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) –
3 788,6 мың теңге:
несие түсімдері – 0 теңге;
несие төлемдері – 0 теңге;
пайдаланылған бюджет қаражаты – 3 788,6 мың теңге.
8-тармақ келесі мазмұндағы 8-2-тармақпен толықтырылсын:
8-2. Осы шешімнің 5-қосымшасына сәйкес кірістерді арттыру арқылы ауылдық округ бюджетінің шығыстарын қамтамасыз ету.
Осы шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 5-қосымшасына сәйкес өзгертілсін;
Осы шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес өзгертілсін.