Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 12 мамырдағы № 30/13 шешіміне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес тиісінше, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер -198 139 мың теңге:
салық түсімдері-91 000 мың теңге;
салықтық емес түсімдер-0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер -1 000 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 106 139 мың теңге;
2) шығындар – 201928,2 мың теңге;
3) Таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -3 788,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) -
3 788,6 мың теңге:
қарыздар түсімі - 0 теңге;
қарыздарды өтеу - 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 3 788,6 мың теңге.
8-8. 2025 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджеттік қаражаттың бос қалдықтары есебінен ауылдық округ бюджетінің шығыстары көзделсін ".;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;