"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі

"Мемлекеттік  қызметтер көрсету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік  қызметтер көрсету Тізіліміне сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ мемлекеттік  қызметтердің 8 түрін көрсетеді. 

&nbsp2024 жылы  барлығы 218 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Ақылы негізде қызмет көрсетілмеді.

 &nbsp"Е-Лицензиялау" МДҚ арқылы 122 қызмет көрсетілді.

&nbspЕң көп сұранысқа ие қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы елді мекен шегінде нысан салу үшін көрсетілген - 96 қызмет.

Сондай-ақ, «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқық алу» - 62, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 60 қызмет көрсетілді.

"Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және ақпарат беру мақсатында Преснов ауылдық округі әкімінің аппаратында көрнекі ақпараты бар стенд (стандарттар, көрсетілетін қызметтердің атауы және оларды көрсетуге жауапты тұлғалар, жұмыс кестесі, өтініш үлгілері, шағымдар журналы) орналастырылды. Осындай ақпарат бөлімнің сайтында «Мемлекеттік  қызметтер көрсету» бөлімінде орналастырылған.

        Преснов ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында «Электрондық мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу бұрышы» жұмыс істейді, оның көмегімен ауылдық округ тұрғындары өз бетінше немесе аппарат қызметкерінің көмегімен қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы ала алады. Барлығы 2024 жылы қол жеткізу бұрышы арқылы 1100 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың ішінде «Жеке тұлғаға жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама» - 260, «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама» - 190, «ЭЦҚ алу» - 450 неғұрлым сұранысқа ие қызметтер болды.

      Халық арасында электрондық қызметтерді танымал ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында полиграфиялық материалдар (брошюралар) пайдаланылады.

Мемлекеттік қызметтерді тиімді және сапалы көрсету мақсатында әкім аппаратында өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қатысуымен «дөңгелек үстел» іс-шаралары, ауылдық округ жастарының қатысуымен семинар өткізілді, мемлекеттік қызметшілерді жалпыға бірдей құқықтық оқыту шеңберінде сабақтар өткізілді.

      Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді дәріптеуге бағытталған іс-шаралардың бірі бейнеролик жасау болып табылады. 2024 жылдың қазан айында мемлекеттік қызмет көрсететін маман бейнеролик жасап, бейне-хостингте жариялады Youtube.com.

2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 8 түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін пандус жабдықталған және шақыру түймесі орнатылған.

        Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мерзімдерді бұзудың алдын алу мақсатында мемлекеттік органның жауапты маманы стандарттарды сақтау бойынша түсіндіру семинарларына қатысты.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V ҚР Заңына сәйкес, бекітілген стандарттармен көрсетіледі.

       Ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2024 жыл ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.

2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат:

2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағым түскен жоқ.

Дата публикации
01 апреля 2025