«2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №12/12 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округінің бюджеті көрсетілген шешімге тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 556 960,7 мың теңге:
салықтық түсімдер – 77 365 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 418 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 659 мың теңге;
трансферттер түсімі – 477 518,7 мың теңге;
2) шығындар – 565 155 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 8 194,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 8 194,3 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 8 194,3 мың теңге.»;
8-тармақтың 1), 2) тармақшалары алып тасталсын;
8-тармақ мынадай мазмұндағы 11), 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка ауылындағы кентішілік жол жиегін орнатуға;
3) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Железное ауылының ауылдық клубы үшін сахна пердесін дайындауға және орнатуға.».
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы |
|
Л. Топорова |