Пресс-релиз
Жамбыл аудандық мәслихаты шешімінің жобасына
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 12/12 "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы"шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
2024-2026 жылдарға арналған
Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 109-1-баптары және 104-бабы 4-тармағының 5-тармақшасы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, "құқықтық актілер туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы болып табылады.
Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.
Пресновка ауылдық округінің бюджетін нақтылау көздері:
2024 жылдың 1 қаңтарға қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен және 2023 жылғы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) облыстық және аудандық бюджеттерден нысаналы траснферттелген қайтару
Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Шешім жобасы "Электрондық үкімет" порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.