Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/13 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/13 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/13 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округінің 2026-2027 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, қосымшасына сәйкес тиісінше, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 348 913,0 мың теңге:

         салық түсімдері – 135 343,0  мың теңге;

         салықтық емес түсімдер - 0  мың теңге;

         Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер -1 500 мың теңге;

         трансферттер түсімдері – 212 070,0 мың теңге;     

         2) шығындар – 353 958,7 мың теңге;

         3) Таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:

         бюджеттік кредиттер - 0 теңге;    

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;   

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті)  -5 045,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) -

5 045,7 мың теңге:

қарыздар түсімі - 0 теңге;

қарыздарды өтеу - 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 5 045,7 мың теңге.

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. 2026 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджеттік қаражаттың бос қалдықтары есебінен ауылдық округ бюджетінің шығыстары көзделсін".;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2. Осы шешім қабылданған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Дата публикации
29 июля 2026