Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 12/10 «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Первомай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы пресс-релиз

Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 12/10          «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Первомай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

                                           пресс-релиз

 

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі болып Қазақстан Республикасының кодексінің 106, 109-1-баптары және 104-бабының 4-тармағының 5) тармақшасы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы келтірілген, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабы.

Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

Первомай   ауылдық округінің бюджетіні нақтылаудың көздері:

2024 жылғы 1 қаңтарға белгіленген бюджет қаражатының бос қалдықтары, облыстық және аудандық бюджеттерден пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару, аудандық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен шығыстарды ұлғайту.

Шешім жобасы «Электрондық Үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.

 

 

 

      Солтүстік Қазақстан облысы 

              Жамбыл ауданы 

Первомай  ауылдық округінің  әкімі                          А.Шуакпаев  

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
08 апреля 2024