Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 4 "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 20223 жылғы 28 желтоқсандағы № 12/10 "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Первомай ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы"шешімін іске асыру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Первомай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1 тармақжаңаредакциядажазылсын:
1) кірістер – 125 507 мың теңге:
салық түсімдері – 5 572 мың теңге;
салықтық емес түсімдер –194 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1000 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 118 741 мың теңге;
2) шығындар – 125 507 мың теңге;
3) Таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу-0 теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 1,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1,5 мың. теңге:
Қарыздар түсімі-0 теңге; қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары-1,5 мың теңге. мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. 2024 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің шығыстарында осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес 2023 жылы аудандық бюджеттен пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару 1,5 мың теңге сомасында көзделсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; шешім осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
Әкім
Первомай ауылдықокругі А. Шуақпаев