"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Первомай ауылдық округінің 2024 жылға арналған бюджетін нақтылау туралы"
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Первомай ауылдық округінің 2024 жылға арналған бюджетін нақтылау жобасы қарауға шығарылады.
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Первомай ауылдық округінің бюджетін нақтылау көздері:
2024 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтарын бөлу;
2023 жылы пайдаланылмаған аудандық бюджеттердің нысаналы трансферттерін қайтару.
ҚР Бюджет Кодексінің 104-бабының 5-тармағына сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3099,4 мың теңге сомасында қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары (осы баптың 4-тармағында көзделген мақсаттарға бөлінгеннен кейін қалған жыл басындағы бюджет қаражатының қалдықтары Бюджет қаражатының бос қалдықтары болып табылады және ағымдағы шығыстарды қаржыландыруға бағытталуы мүмкін бюджетті нақтылау арқылы) :
Ұялы байланыс станцияларын электр энергиясына қосуға - 970,0 т. т.;
Мәдени - демалыс орталығы үшін әкімдік ғимаратын ағымдағы жөндеуге - 1 261,4 т. т.;
Ноутбук сатып алу - 400,0 т. т ;
Бензин генераторын сатып алу - 353,0 т. т;
Мотоблокқа бекітілген шөп шабатын машинаны сатып алу - 115,0 т. т;
Ауылдық округ бюджетінде 2023 жылы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) аудандық бюджеттердің нысаналы трансферттерін (аудандық бюджеттің нысаналы трансферттері) 1,5 мың теңге сомасында қайтару көзделсін.
Әкім
Первомай ауылдық округі А. Шуақпаев