GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Все материалы
05 октября 2026
Халықаралық қарттар күніне орай Жаңажол ауылында мерекелік іс-шара өтті
02 октября 2026
Халықаралық қарттар күніне орай Святодуховка ауылында мерекелік іс-шара өтті
21 сентября 2026
Бүгін Майбалық ауылдық округі әкімшілігі «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізді

Бүгін Майбалық ауылдық округі әкімшілігі «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізді

13 августа 2026
2026 ж. 10 тамызында ауылдық округі әкімі Г. Нұрахметова Ольговка, Святодуховка, Сәбит, Жаңажол ауылында тұрғындарымен кездесуі өтті

Кездесу барысында бірқатар сұрақтар қойылып, оларға түсініктемелер берілді.

 

07 июля 2026
Хабарландыру

Мирошин Николай Александрович пен Людмила Николаевнаны шаңырақ көтергендеріне 50 жыл толуымен (алтын тойымен), сондай-ақ Тригуб Нина Ивановнаны 85 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз. Мерейтой иелері ауылдық округ әкімінің құттықтауларын қабылдап, аудандық ардагерлер кеңесінің атынан сыйлықтар алды.

09 июня 2026
Майбалық ауылдық округінде ұлттық спорт түрлері бойынша аудандық спартакиада өткізілді
20 апреля 2026
Майбалық ауылдық округінің командасы троеборлықтан аудандық чемпионатқа қатысты

Майбалық ауылдық округінің командасы троеборлықтан аудандық чемпионатқа қатысты.

Айдархан Талғат пен Айдархан Айбат жүлделі орындарға ие болды.

20 апреля 2026
Әнім саған, туған жер!

16 сәуір күні Благовещенка ауылында Солтүстік Қазақстан облысының 90 жылдығына арналған «Әнім саған, туған жер!» атты ең үздік ауылдық мәдениет мекемесі байқау-көрмесі өтті. Майбалық ауылдық округі аталған шараға қатысып, өздерінің шығармашылық өнерлерін  ұсынды.

20 апреля 2026
Таза аула

«Таза аула» республикалық экологиялық акциясы аясында Майбалық ауылдық округінде сенбілік өткізілді.

17 апреля 2026
«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі

«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі» Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарына құқықтық ақпарат алу және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану айтарлықтай жеңілдеді.

Өңірдің аудандық және ауылдық әкімдіктерінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында орналасқан «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді. «Құқық кабинеттері» негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар арнайы компьютерлермен жабдықталған.

Олардың көмегімен тұрғындар өз бетінше құқықтық ақпарат алып, мемлекеттік қызметтерге жүгініп, өз елді мекенінен шықпай-ақ электрондық өтініштер жолдай алады. «Құқық кабинеті» арқылы мынадай жүйелер мен сервистер қолжетімді: «Әділет» ҚБЖ; нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі; «Заң» деректер базасы; «Ашық НҚА» порталы; eGov электрондық үкімет порталы; «Zankomegi» сервисі; «Тараптар кабинеті» (АЖ ОИП); e-Otinish жүйесі және басқалары. Бұл азаматтарға заңдар мен түсіндірмелерді жылдам табуға, өтініштер мен сұраныстарды электрондық форматта жолдауға, олардың мәртебесін бақылауға, сондай-ақ консультациялық және ақпараттық қолдау алуға мүмкіндік береді.

Құқық кабинеттерінде ақпараттық стендтер орналастырылған, онда «Құқық кабинеттерінің» жұмысы туралы мәліметтер, заң қызметтерінің байланыс деректері және пайдалы анықтамалық материалдар көрсетілген. «Құқық кабинеттерінің» тиімді жұмыс істеуі үшін ауылдық округ мамандары нұсқамадан өтіп, жүйенің жұмыс істеу қағидаттарымен таныстырылды.

Қазіргі уақытта азаматтардың келу және жүгіну белсенділігіне мониторинг жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. «Құқық кабинеттерін» құрудың негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және жедел заң көмегін алуға қолайлы жағдай жасау.

Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. «Құқық кабинеті» — құқықтық көмектің қолжетімді, түсінікті әрі әрбір тұрғынға жақын болуына бағытталған тағы бір қадам.

Әділет департаментінің бас маманы Каратаева Д.М.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы