Меню

Страницы

Статья

2020-2022 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округiнiң бюджетiн бекiту туралы

19.12.2019 ж.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексiнiң 75-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2020-2022 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округiнiң бюджетi көрсетiлген шешiмге тиiсiнше 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның iшiнде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер — 2982 мың теңге:

салықтық түсiмдер — 2982 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер — 0 теңге;

негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер — 0 теңге;

трансферттер түсiмi — 26814 мың теңге;

2) шығындар — 29796 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу — 0 теңге:

бюджеттiк кредиттер — 0 теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу — 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо — 0 теңге:

қаржы активтерiн сатып алу — 0 теңге;

мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер — 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицитi) — 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану)  — 0 теңге:

қарыздар түсiмi — 0 теңге;

қарыздарды өтеу — 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары — 0 теңге.

2. 2020 жылға арналған ауылдық округ бюджетiнiң кiрiстерi Қазақстан Республикасының Бюджеттiк кодексiне сәйкес келесi салықтық түсiмдер есебiнен құрастырылады деп белгiленсiн:

Мемлекеттiк кiрiстер органында тiркеу есебiне қою кезiнде мәлiмделген ауыл аумағында орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын табыстар бойынша жеке табыс салығы;

орналасқан жерi-дара кәсiпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсiби медиатор үшiн;

тұрғылықты жерi- қалған жеке тұлғалар үшiн;

ауылдық округтiң аумағындағы осы салықты салу объектiлерi бойынша жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық;

ауылдың аумағындағы жер учаскелерi бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;

көлiк құралдарына салынатын салық:

тұрғылықты жерi ауылдың аумағындағы жеке тұлғалардан;

өздерiнiң құрылтай құжаттарында көрсетiлетiн тұрған жерi ауылдың аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлiк құралдары салығы;

сыртқы (көрнекi) жарнаманы:

ауылдық округтердiң аумақтары арқылы өтетiн республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегi жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерiнде;

ауылдық округтердiң аумақтары арқылы өтетiн облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегi жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерiнде;

аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегi жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерiнде;

ауылдағы үй-жайлардың шегiнен тыс ашық кеңiстiкте орналастырғаны үшiн төлемақы.

3. Ауылдық округ бюджетiнiң кiрiстерi келесi салықтық емес түсiмдер есебiнен құрастырылады деп белгiленсiн:

ауылдық округiнiң әкiмi әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн салатын айыппұлдар;

жеке және заңды тұлғалардың ерiктi түрдегi алымдары;

ауылдық округтiң коммуналдық меншiгiнен (жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық меншiгiнен) түсетiн кiрiстер:

ауылдық округ әкiмi аппаратының шешiмiмен құрылған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза кiрiсi бөлiгiнiң түсiмдерi;

ауылдық округтiң коммуналдық меншiгiндегi (жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық меншiгiндегi) заңды тұлғаларға қатысу үлестерiне кiрiстер;

ауылдық округтiң коммуналдық меншiгiнiң (жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық меншiгiнiң) мүлкiн жалға беруден түсетiн кiрiстер;

ауылдық округтiң коммуналдық меншiгiнен (жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық меншiгiнен) түсетiн басқа да кiрiстер;

ауылдық округ бюджеттерiне түсетiн басқа да салықтық емес түсiмдер.

4. Ауылдық округ бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн ақша негiзгi капиталды сатудан ауылдық округ бюджеттерiне түсетiн түсiмдер болып табылады деп белгiленсiн.

5. 2020 жылға арналған ауылдық округтiң бюджетiне аудандық бюджеттен берiлетiн 26814 мың теңге субвенция бюджетте ескерiлсiн.

6. Осы шешiм 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Жамбыл ауданы
мәслихаты сессиясының
төрағасы
__________ В. Волков

Жамбыл
ауданы мәслихатының хатшысы
__________ Б. Мұсабаев

Қосымша

Дата публикации
15 декабря 2023
Дата обновления
15 декабря 2023
Тип

Сейчас читают

Есеп
29 мая 2026
Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі
01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу
31 июля 2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы