- EGOV «электрондық үкімет» веб-порталында авторизациядан өту.
- Іздеу жолында мемлекеттік қызметтің атын жазыңыз және осы қызметті табыңыз
- «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту немесе ашылған жаңа терезе – «электрондық лицензиялау» порталына өту www.elicense.kz.
- Жүйеге кіру немесе «электрондық лицензиялау» порталында тіркелу.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысу және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту немесе қажетті кіші қызмет түрін таңдау және «Бұдан әрі» батырмасы бойынша өту.
- Қажетті деректерді көрсету, өтінішті толтыру, қажетті құжаттарды тіркеу және Сіздің ЭЦҚ-мен қол қою.
- Берілген өтініштің мәртебесін «электрондық үкімет» веб-порталында немесе «электрондық лицензиялау» порталында қадағалауға болады www.elicense.kz «Менің өтінішім» бөліміндегі, Жеке кабинетте,
Рұқсат алу туралы «Менің рұқсат беру құжаттарым» бөлімінен, хабарлама алу туралы – «Менің хабарламаларым» бөлімінен біле аласыз.
Мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша көмекті Сіз Бірыңғай байланыс орталығының 1414 тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы ала аласыз.
Өз денсаулығыңызды, уақытыңыз бен ақшаңызды қорғаңыз — емлекеттік қызметтерді электрондық түрде үйден шықпай алыңыз !!!