«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту саласындағы мемлекеттің саясаты едәуір дәрежеде электрондық үкіметті дамытуға, мемлекеттік органдардың ішкі бизнес-процестерін автоматтандыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара іс-қимылының неғұрлым тиімді нысаны ретінде электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін дамытуға бағытталған.
Электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бірі:
«САУДА — САТТЫҚТЫ (КОНКУРСТАРДЫ, АУКЦИОНДАРДЫ) ӨТКІЗУДІ ТАЛАП ЕТПЕЙТІН МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНДЕГІ ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІНЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ АЛУ»
Қызмет көрсету мерзімі:
1-кезең — 12 жұмыс күні
2-кезең — бекітілген жерге орналастыру жобасы түскен күннен бастап 3 жұмыс күні
Қызмет алушылар: заңды тұлға және жеке тұлға
Қызмет құны: тегін беріледі
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1— кезең — 1 Өтініш (міндетті түрде, біліктілік талаптары)
2. Сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары) (міндетті түрде, біліктілік талаптары)
2 — кезең — бекітілген жерге орналастыру жобасы.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны электрондық (толық автоматтандырылған)/ қағаз түрінде.
Қызметті онлайн қалай алуға болады («электрондық лицензиялау» порталында www.elicense.kz)
Қызмет көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Егер Сіздің үйіңізде интернет болмаса, онда "Кладбинка ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ-ге жүгіне аласыз, онда мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға рұқсат бұрышы бар, әкім аппаратының мамандары қажет болған жағдайда қажетті мемлекеттік қызметтерді алуға көмек көрсетеді.
«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының
Кладбинка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ