«2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 37/8 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/8 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округінің бюджеті көрсетілген шешімге тиісінше               1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 56 744 мың теңге:                     

салықтық түсімдер – 11 774 мың теңге;                     

салықтық емес түсімдер – 397 мың теңге;  

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 44 573 мың теңге;         

2) шығындар – 57 100,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

  • бюджет тапшылығы (профициті) – -356,9 мың теңге;
  • бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –            356,9 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 356,9 мың теңге.»;

мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

«7-1. Ауылдық округ бюджеттің шығыстары 2026 жылғы 1 қаңтарда қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес қарастырылсын.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес шешім 4-қосымшамен толықтырылсын.

  1. Осы шешім қабылданған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Жамбыл ауданы

мәслихатының төрайымы

 

 

Л. Топорова



Дата публикации
13 февраля 2026