«2024 жылғы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округі бюджетінің орындалуы туралы» есепті бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 128-бабына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 9-1) тармақшасына және 25-бабы 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «2024 жылғы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округі бюджетінің орындалуы туралы» есебі мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 49 319,4 мың теңге:

салықтық түсімдер – 9 938,9 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 278,4 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 39 102 мың теңге;

2) шығындар – 50 881,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 562,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                    1 562,3 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 562,3 мың теңге.

  1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының                      «2024 жылғы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округі бюджетінің орындалуы туралы» жылдық есебі бекітілсін.
  2. Осы шешім қабылданған сәттен бастап күшіне енеді.

 

       

Жамбыл ауданы

мәслихатының төрайымы

 

 

Л. Топорова

 

 

Дата публикации
05 июня 2025