«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Казанка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2023 жылы атқарылған мемлекеттік қызметтер бойынша есебі.
2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес 2023 жылы Казанка ауылдық округі әкімінің аппаратымен 5 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.
«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Казанка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ көрсететін 5 Мемлекеттік қызметтің қағидалары мен стандарттары бекітілді.
2023 жылдың есепті кезеңінде көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсетуге 4 өтініш түсті, оның ішінде:
- «Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы 4 қызмет түсті - «Сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу». Қанағаттандырылды-4 өтініш, бас тарту-0.
«Сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» қызметі аса сұранысқа ие болып табылады.Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында көрнекі ақпараты бар стендтер (қағидалар, стандарттар, көрсетілетін қызметтердің атауы және оларды көрсетуге жауапты тұлғалар, жұмыс кестесі, өтініш үлгілері) орналастырылған. Осыған ұқсас ақпарат ауылдық округ әкімі аппаратының сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін пандус жабдықталған және шақыру түймесі орнатылған.
Ауылдық округ әкімінің аппаратында электрондық мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу бұрышы бар, оның көмегімен ауылдық округ тұрғындары электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алады. 2023 жылы «электрондық мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу» бұрышы арқылы халыққа 11 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 98 анықтама берілді, 43 ЭЦҚ қайта шығарылды.
Ең сұранысқа ие: «Сотталмағандығы туралы анықтама беру», «Психологиялық ұйымнан анықтама», «Наркологиялық ұйымнан анықтама», «Зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы алу» және «АӘК алушының мәртебесі туралы ақпарат».
Халық арасында электрондық қызметтерді танымал ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында «электрондық үкімет» порталында электрондық мемлекеттік қызметтерді алуды түсіндіру бойынша полиграфиялық материалдар (буклеттер, плакаттар), роликтер пайдаланылады. Бұл материалдар ауылдық округ әкімі аппаратының стендінде және сайтында орналастырылған, ал полиграфиялық материалдар халыққа қосымша таратылды. Округте мемлекеттік қызметтерді тиімді және сапалы көрсету мақсатында: халықтың цифрлық сауаттылығы бойынша оқыту курстары, 85 адам оқытудан, «дөңгелек үстел» және «ашық есік күнінен» өтті, брифинг барысында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.
Мемлекеттік қызметтер ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңына, бекітілген ережелер мен стандарттарға сәйкес көрсетіледі. Қызметтер баламалы және баламасыз негізде көрсетіледі.
Ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көрсетуге 2023 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.
2023 жылы «СҚО Жамбыл ауданы Казанка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ Мемлекеттік қызмет көрсету саласында бақылау іс-шаралары өткізілді, іс-шаралар қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.
Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында әкім аппараты түсіндіру іс-шараларын («Ашық есік күні», семинарлар, дөңгелек үстелдер, Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі, БАҚ-та және интернет-ресурстарда мақалалар жариялау) өткізу, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтау жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.