2025 жылдың «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ЕСЕБІ

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес 2024 жылы Қайранкөл ауылдық округі әкімінің аппаратымен 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі әкімінің аппараты КММ көрсететін 6 мемлекеттік қызметтің ішінде Қағидалар мен стандарттар бекітілді. Мемлекеттік қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V ҚР Заңына, бекітілген Қағидалар мен стандарттарға сәйкес көрсетіледі. Қызметтер баламалы негізде де, баламасыз негізде де көрсетіледі.

        2025 жылдың есептік кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсетуге 7 өтініш келіп түсті:

- «Е-лицензиялау» МДҚ арқылы: - «Сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» жеке тұлғадан - 4 өтініш келіп түсті;

- «жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», заңды тұлғадан келіп түсті - 2 өтініш:

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жеке тұлғалардан 1 өтініш келіп түсті;

- ақылы негізде мемлекеттік қызметтер көрсетілмеген;

- мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту фактілері болған жоқ.

       «Сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» қызметі неғұрлым сұранысқа ие болып табылады.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және ақпарат беру мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында көрнекі ақпараты бар стендтер (Қағидалар, стандарттар, көрсетілетін қызметтердің атауы және оларды көрсетуге жауапты тұлғалар, жұмыс кестесі, өтініштердің үлгілері) орналастырылған. Осындай ақпарат ауылдық округ әкімі аппаратының сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін пандус жабдықталған және шақыру түймесі орнатылған.

Ауылдық округ әкімі аппаратында электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділік бұрышы бар, оның көмегімен ауылдық округ тұрғындары электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алады. 2025 жылы «электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі» бұрышы арқылы халыққа мемлекеттік қызметтердің 35 түрі бойынша 335 анықтама берілді, 156 ЭЦҚ қайта шығарылды. Неғұрлым сұранысқа ие қызметтер: зейнетақы аударымдары туралы анықтама, медициналық ұйымға тіркеу, ЭЦҚ дайындау және қайта шығару.

Халық арасында электрондық қызметтерді танымал ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында полиграфиялық материалдар (буклеттер, постерлер), «электрондық үкімет» порталында электрондық мемлекеттік қызметтерді алуды түсіндіру жөніндегі роликтер пайдаланылады.

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 12 түсіндіру іс-шарасы өткізілді: көрсетілетін қызметті алушылар арасында электрондық форматта мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін Egov электрондық үкімет порталын пайдалану дағдыларын үйрету, «Дөңгелек үстел» және «Ашық есік күні», Facebook әлеуметтік желісінде мына тақырыпта тікелей эфирлер: E-gov mobile мобильдік қосымшасы, «ЭЦҚ қайта шығару (ұзарту)» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сұрақтарға жауаптар берілді. «Жылжымайтын мүлік объектісін иелену/жою», «Үшінші тұлғалардың анықтама алу сервисі» кітапшалары дайындалып, таратылды, бейнеролик жасалды және «Egov Mobile» тақырыбындағы Youtube.com бейне-хостингінде, «Электрондық қызмет көрсетудің танымалдығы мен сапасы» тақырыбындағы бейне-конференцияда жарияланды.

Интернет-ресурстың сайтында жергілікті атқарушы органдардың қызметін жария талқылау туралы ақпарат орналастырылған.

 Ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2025 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.

 Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында әкім аппараты түсіндіру іс-шараларын («Ашық есік күні», семинарлар, дөңгелек үстелдер, Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі, БАҚ-та және интернет ресурстарында мақалалар жариялау) өткізу, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтау жөніндегі жұмысты жалғастырады.

 

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету барысында шағым түскен жоқ.

 

Қайранкөл ауылдық

     округі әкімінің                                                                  Д. Кдралин

    

Дата публикации
31 марта 2026