Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округінің бюджеті көрсетілген шешімге тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 76 939 мың теңге:
салықтық түсімдер – 14 294 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 245 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 000 мың теңге;
арнайы түсімдер – 0 теңге
трансферттер түсімі – 61 400 000 мың теңге;
2) шығындар – 78 881,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 1 942,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 942,5 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 942,5 мың теңге.»;
«6-1. 2027-2028 жылдарға арналған ауылдық округтің бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттердің түсімі ескерілсін, оның ішінде:
1) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округіндегі ауылішілік жолдарды толтыру үшін қиыршық тас сатып алуға;
2) «Ауыл-ел бесігі» жобасын іске асыру шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, оның ішінде:
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылындағы ауылішілік жолдарды орташа жөндеу.
Аудандық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі әкімінің 2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті туралы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы шешімімен айқындалады;»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша болған бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен ауылдық округ бюджетінің шығыстарын және 2025 жылы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) аудандық бюджеттен нысаналы трансферттерді қайтаруды қамтамасыз ету.";
мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:
«6-2. 2026 жылға арналған жоғары тұрған бюджетке аударылатын ауылдық округ бюджетінде 1442,4 мың теңге бюджеттік алып қоюды қамтамасыз ету.»
көрсетілген шешімнің 1, 2, 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес шешім 4-қосымшамен толықтырылсын.
|
Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы |
|
Л. Топорова |