Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі болып Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 96-баптары, 98-бабының 1-тармағы, 116-бабы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы келтірілген, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабы болып табылады.
Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.
Қайранкөл ауылдық округінің бюджетін нақтылаудың көздері:
2026 жылғы 1 қаңтарға белгіленген бюджет қаражатының бос қалдықтары, аудандық бюджеттен пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару, облыстық бюджеттен, аудандық бюджеттен қосымша нысаналы трансферттер, облыстық бюджеттен, аудандық бюджеттен нысаналы трансферттерді азайту.
Шешім жобасы «Электрондық Үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
Кайранкөл ауылдық округі әкімінің Д. А. Кдралин