Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 12 мамырдың № 30/6 «2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы пресс-релиз

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі болып Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 96-баптары, 98-бабының 1-тармағы, 116-бабы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы келтірілген, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабы болып табылады.

Мәслихаттың осы шешiмiн қабылдаудың мақсаты — мемлекеттiк органдардың және ведомствоға қарасты олардың мекемелерiнiң мiндеттерiн жүзеге асыру, ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламасын орындалуын қаржылай қамтамасыз ету.

Ауылдық округ бюджетін нақтылау көздері: бюджеттің кіріс бөлігін түзету, бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарлы қаражатты қайта бөлу, облыстық, аудандық бюджеттерден қосымша нысаналы трансферттер және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттер болып табылады.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.

 

 

Әкім                                                         К.Амантаев

Дата публикации
09 декабря 2025