Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округінің бюджеті көрсетілген шешімге тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 104 944,2 мың теңге:
салықтық түсімдер – 12 986 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 229 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 90 729,2 мың теңге;
2) шығындар – 107 714,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржылық активтерді сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -2 770,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 770,6 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2 770,6 мың теңге.»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 2) тармақшамен толықтырылсын:
«2) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Украинское ауылында сыртқы сумен жабдықтау желілерін ағымдағы жөндеуге.»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы 2), 3), 4) тармақшалармен толықтырылсын:
«2) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Украинское ауылында сыртқы сумен жабдықтау желілерін ағымдағы жөндеуге;
3) бонустар төлеуге.»;
4) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеуге.»;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Ауылдық округ бюджеттің шығыстары 2025 жылғы 1 қаңтарда қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары және 2024 жылы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) аудандық, облыстық және республикалық бюджеттерден нысаналы трансферттерін қайтару есебінен осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес қарастырылсын.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес шешім 4-қосымшамен толықтырылсын.
|
Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы |
|
Л. Топорова |