2024 жылдың «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ЕСЕБІ

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес 2024 жылы Қайранкөл ауылдық округі әкімінің аппаратымен 8 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ақылы негізде 1 мемлекеттік қызмет көрсету көзделген – «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», 2024 жылы бұл қызмет көрсетілмеген.

Жыл ішінде барлығы 13 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде қызмет көрсетілген:

- «Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы 12 мемлекеттік қызмет;

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 12 қызмет.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру және қол жетімділік мақсатында, ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында көрнекі ақпараттары бар стендтер орналастырылған (көрсетілетін қызметтердің және оларды көрсетуге жауапты тұлғалардың атауы, жұмыс кестесі, өтініштердің үлгілері). Осындай ақпарат ауылдық округ әкімі аппаратының сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Ауылдық округ әкімінің аппаратында электрондық мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу бұрышы жұмыс істейді, оның көмегімен ауылдық округтің тұрғындары қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы ала алады. Қолжетімділік бұрышы арқылы барлығы 539 мемлекеттік қызмет алынды, оның ішінде «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» - 392.

Электрондық қызметтерді халық арасында танымал ету бойынша іс-шараларды жүргізу мақсатында «электрондық үкімет» порталында электрондық мемлекеттік қызметтерді алуды түсіндіру бойынша полиграфиялық материалдар (буклеттер, постерлер), роликтер пайдаланылады. Аталған материалдар стендте және ауылдық округ әкімі аппаратының сайтында орналастырылған, ал полиграфиялық материалдар халыққа қосымша таратылды.

Мемлекеттік қызметтерді тиімді және сапалы көрсету мақсатында округте мемлекеттік корпорация қызметкерлерін тарта отырып, "дөңгелек үстел" және «ашық есік күні» іс-шаралары өткізілді.

Мемлекеттік қызметтерді танымал етуге бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі бейнеролик жасау болып табылады. Осылайша, 2024 жылдың ақпан айында мемлекеттік қызмет көрсететін маман бейнеролик жасап, Youtube.com бейне-хостингте жарияланды . Бұл бейнеролик тек округ тұрғындарын ғана емес, Жамбыл ауданының басқа да тұрғындарын ақпараттандырды.

Мемлекеттік қызметтер бекітілген стандарттарға сәйкес 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес көрсетіледі. Қызметтер баламалы негізде де, баламасыз негізде де көрсетіледі.

Ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына 2024 жыл ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуы тіркелген жоқ.

Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартудың тиімділігі мақсатында түсіндіру іс-шараларын («Ашық есік күні», семинарлар, дөңгелек үстелдер, БАҚ-та және интернет-ресурстарда мақалалар жариялау, онлайн конференциялар) жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде стандарттарды сақтау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету барысында шағым түскен жоқ.

 

Қайранкөл ауылдық

     округінің әкімі                                                                  С. Шалхабанов

Дата публикации
01 апреля 2025