Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
1) кірістер – 125 527 мың теңге:
салықтық түсімдер – 9 110 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 229 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 116 724 мың теңге;
2) шығындар – 129 113,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3 586 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 586,9 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3 586,9 мың теңге.
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. 2024 жылға арналған ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен нысаналы трансферттер ескерілсін, оның ішінде:
10 КВт генератор сатып алуға, Қайранкөл ауылдық округі әкімдігі ғимаратының жылыту жүйесіне қызмет көрсету үшін, авариялық жағдайларда (электр қуатының үзілуі немесе үзілуі);
3 (үш) жүйелік блоктарды (процессорларды) сатып алуға;
Аудандық бюджеттен көрсетілген нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі әкімінің 2024-2026 жылдарға арналған ауылдық округтің бюджеті туралы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы шешімімен айқындалады;»;
мынадай мазмұндағы 5-2-тармақпен толықтырылсын:
«5-2. Ауылдық округ бюджетінің шығыстары 2024 жылғы 1 қаңтарда қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары және 2023 жылы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) облыстық және аудандық бюджеттің нысаналы трансферттерін қайтару есебінен осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес қарастырылсын.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес шешім 4-қосымшамен толықтырылсын.