GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Қызметі
Құжаттар
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Все материалы
21 мая 2026
Баспасөз – хабарлама

«Ашық бюджеттер» порталында «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің 2026-2028 жылдарға және 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімінде жарияланды.

14 мая 2026
Тіркеу мобильді азаматтар базасындағы абоненттік нөмір
04 мая 2026
«Мерейлi отбасы-2026» Ұлттық конкурс туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы                                  6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы»  ұлттық конкурсы өткізіледі.

Ұлттық конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсқа өзін-өзі ұсыну арқылы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар қатысады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім аудандық (қалалық) комиссияларына 2026 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін тапсырылады.

Бірінші – аудандық (қалалық) кезең (29 маусымға дейін).

Екінші – облыстық кезең (15 шілдеге дейін).

Облыстық комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі.

Толық ақпаратты "СҚО Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" КММ-ден алуға болады

Мекен-жайы:СҚО, Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы, Дружба көшесі, 8.

Тел: 8(71544)2-18-86, 2-18-41.

28 апреля 2026
«Дөңгелек үстел» ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

2026 жылғы 24 сәуірде «Дөңгелек үстел» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бас маман «Архангелка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызмет түрлерімен таныстырды.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіріп, қатысушыларды стендтерде орналасқан материалдармен, стандарттармен, селолық округ әкімдігінің ғимаратында орналасқан мемлекеттік қызмет көрсету ережелерімен таныстырды.

Сонымен қатар, eGov Mobile арқылы сенімхатты қалай рәсімдеу керектігін түсіндірді, бұл функция бірқатар банктік қосымшаларда пайда болды.

«Сандық сенімхат» клиенттің нотариуспен бейнебайланысы арқылы онлайн режимінде ресімделеді. Барлық қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

31 декабря 2025
«Баспасөз хабарламасы»

«Ашық бюджеттер» порталында «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің 2024 жылғы «бюджеттің атқарылуы» бөлімінде және «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің 2025-2027 жылғы «бюджеттік бағдарламалар» бөлімінде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есеп жарияланды»

26 декабря 2025
"Етік киген Хоккей"

23.12.2025 жылы, Пресновка ауылында, киізден хоккейден аудан чемпионаты өтті. Архангелка ауылдық округінің командасы белсенді қатысты.

 

 

25 декабря 2025
2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 91-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округінің бюджеті көрсетілген шешімге тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 59 165 мың теңге:

салықтық түсімдер – 7 540 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 75 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 51 550 мың теңге;

2) шығындар – 59 165 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. 2026 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес келесі салықтық түсімдер есебінен құрастырылады деп белгіленсін:

ауылдың аумағында мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:

дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;

қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығынан;

ауылдың, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтан;

ауылдың аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығынан;

көлік құралдарына салынатын салықтар:

тұрғылықты жері ауылдың аумағындағы жеке тұлғалардан;

өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері ауылдың аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығынан;

жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыдан.

  1. Ауылдық округ бюджетінің кірістері келесі салықтық емес түсімдер есебінен құрастырылады деп белгіленсін:

ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдардан;

жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдарынан;

ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістерден:

ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістерден;

ауылдық округ бюджетіне түсетін басқа да салықтық емес түсімдерден.

  1. Ауылдық округ бюджетінен бюджеттеріне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мыналар болып табылады:

ауылдық округ бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақшадан;

жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақыдан.

  1. 2026 жылға арналған ауылдық округтің бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін 48 628 мың теңге сомасында субвенция бюджетте ескерілсін.
  2. 2026 жылға арналған ауылдық округтің бюджетінде облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттердің түсімі ескерілсін, оның ішінде:

1) жергілікті атқарушы органдар бойынша мемлекеттік қызметшілердің төменгі санаттарына лауазымдық жалақыларын арттыруға.

Облыстық бюджеттен көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округі әкімінің Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті туралы шешімін іске асыру туралы шешімімен айқындалады.

  1. Осы шешім қабылданған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. 

 Жамбыл ауданы мәслихатының төрағасы Л. В. Топорова

25 декабря 2025
  «2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының шешім жобасына баспасөз - хабарламасы

Осы  нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі  Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 91-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23  қаңтардағы  Заңының  6  бабына негізделген болып келеді.

Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

Ауылдық округі бюджеттің нақтылау көздері:

  1. Ауылдық округі меншікті кірістері;
  2. Аудандық бюджеттен жәрдем ақшалар.
  3. Облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкелмейді.

Архангелка ауылдық округі әкімі А. Ташенова 

09 декабря 2025
Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 12 мамырдағы № 30/2«2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы пресс-релиз

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі болып Қазақстан Республикасының кодексінің 94, 96-бабының 1-тармағы және 116-бабының 5-тармағының 2- тармақшасы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы келтірілген, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабы.

Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты —мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

Архангелка ауылдық округінің бюджетін нақтылау көздері:

  • бюджеттің кіріс бөлігін түзету;
  • бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарлы қаражатты қайта бөлу.
  • аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді азайту және ұлғайту.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

 Солтүстік Қазақстан облысы  Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округінің әкімі А. Ташенова

09 декабря 2025
«2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 12 мамырдағы № 30/2 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 12 мамырдағы № 30/2 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округінің бюджеті көрсетілген шешімге тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 66 482 мың теңге:

салықтық түсімдер – 7 294 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 71 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 59 117 мың теңге;

2) шығындар – 66 818,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

 бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

 бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржылық активтерді сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -336,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 336,1 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 336,1 мың теңге.»;

7-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Баян ауылындағы клуб ғимаратына техникалық тексеру жүргізуге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім қабылданған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы Л. Топорова

Косымша

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы