«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка
ауылдың округі әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік
қызмет көрсету бойынша 2022 жылдың
ЕСЕБІ
2013 жылғы 15 сәуірдегі « Мемлекеттік қызметтер туралы » Қазақстан Республикасының Заңына және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39 НК қаулысына сәйкес, 2022 жылда Архангелка ауылдық округі әкімінің аппаратымен 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округі әкімінің аппараты»КММ көрсетілген 5 мемлекеттің қызметтің алтауы мемлекеттік қызметтінің бесеуінің ережелері мен стандарттары бекітілген.
2022 жылгы есептік кезенде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсетуге 1 өтініш түсті.
- «Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы – «сауда – саттықты өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу», оның ішінде заңды тұлғаларға-1 қызмет. Бас тарту жоқ.
«Сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» қызметі аса сұранысқа ие болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қол жетімділік мақсатында ауылдық округ әкімінің ғимаратында көрнекі ақпараттары бар стендтер орналастырылған ( қағида стандарттар, көрсетілетін қызметтердің және оларды көрсетуге жауаты тұлғаларын атауы жұмыс кестесі, өтініш үлгілері) орналастырылған.
Осыған ұқсас ақпарат ауылдық округ әкімі аппаратының сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін пандус жабдықталған және шақыру түймесі орнатылған.
Ауылдық округ аппаратында электрондық мемлекеттік қызмет көрсететін бұрышы бар,оның көмегімен ауылдық округ тұрғындары электрондық үкімет порталы арқылы қызмет ала алады. 2022 жылы «электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділік» бұрышы арқылы халыққа 24 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 380 анықтама берілді, 201 ЭЦҚ қайта шығарылды.
Ең көп сұранысқа ие қызметтер: ҚР азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу, Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу, зейнетақы аударымдары туралы анықтама, ЭЦҚ дайындау және қайта шығару.
Халық арасында электрондық қызметтерді танымал ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында «электрондық үкімет» порталында электрондық мемлекеттік қызметтерді алуды түсіндіру бойынша полиграфиялық материалдар (буклеттер, плакаттар), роликтер пайдаланылады. Округте мемлекеттік қызметтерді тиімді және сапалы көрсету мақсатында: халықтың цифрлық сауаттылығы бойынша оқыту курстары, 57 адам оқытудан өтті, «дөңгелек үстел» және «ашық есік күні» өткізілді, аудандық газетте мақала жарияланды, тікелей эфир өткізілді, оның барысында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бас маман «Өңірдің әлеуметтік саласын мемлекеттік реттеу» тақырыбында 3 күндік курстан өтті. Сертификат алынды.
Мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Қазақстан Республикасының Заңына, және бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес көрсетіледі.
Қызметтер баламалы түрде, және баламасыз түрде көрсетіледі.
Ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көрсетуге 2022 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.
Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында әкім аппараты түсіндіру іс-шараларын ("Ашық есік күні", семинарлар, дөңгелек үстелдер, Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі, БАҚ-та және интернет-ресурстарда мақалалар жариялау) өткізу, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтау жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сұрағы бойынша
қызмет алушылардың шағымы жайында ақпарат
2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағым түскен жоқ.
Архангелка ауылдық
округінің әкімі А.Ташенова