Меню

Страницы

Статья

Миссиялар,негiзгi мiндеттер,функциялар,құқықтар мен мiндеттер

«Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ миссиялары, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтар мен мiндеттерi.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ миссиясы-

Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка селолық округi әкiмiнiң қызметiн ақпаратты-талдаулды қолдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникамен қамтамасыз етiлуiн жүзеге асыру болып табылады.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ мiндеттерi:

сауда емес сипаттағы басқару функцияларын iске асыру;

  • Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка селолық округi әкiмiнiң қызметiн қаржы-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
  • Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка селолық округi әкiмiнiң қызметiн iс жүргiзу және құжаттамалық қамтамасыз ету;
  • Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка селолық округi әкiмiнiң қызметiн құқықтық қамтамасыз ету.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қолданыстағы заңнамаға және өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  1. селолық округтiң әлеуметтiк және экономикалық даму бағдарламасын жасауға қатысу жолымен Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын селолық округ аумағында жүзеге асыруға қатысады;
  2. Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiн, облыс және аудан әкiмдерiнiң және әкiмдiктерiнiң актiлерiн ұйымдастырады және орындалуын қамтамасыз етедi, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
  3. аудан әкiмiнiң аппаратымен, аудандық мәслихатпен, қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етедi;
  4. мәселенi шешу аудан әкiмдiгiнiң құзiретiне енетiн жағдайларда сәйкес шешiм қабылдау үшiн аудан әкiмi аппаратына ұсыныстар бередi;
  5. селолық округi әкiмi өткiзетiн активтердi, кеңестердi, сапарларды және басқа iс-шараларды ақпараттық-сараптау,құқықтық-ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады, селолық округi әкiмiнiң және селолық округi әкiмi аппаратының қызметкерлерiнiң шаруашылық, қаржылық, материалды-техникалық, әлеуметтiк-тұрмыстық қызмет көрсету мәселелерiн шешедi;
  6. селолық округi әкiмiнiң қызметi құжаттамалық қамтамасыз етудi, қызметтiк құжаттарды қарауды, жеке және заңды тұлғалардан жазба және ауызша өтiнiштерiн қабылдауды, iс жүргiзудi ретке келтiру және жетiлдiрудi, iс жүргiзудiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде қызмет iстеуiн ұйымдастыру;
  7. селолық округi әкiмiнiң шешiмдерiн, өкiмдерiн сақтауды қамтамасыз етедi;
  8. селолық округi әкiмiнiң номенклатурасына кiретiн кадрлар бойынша ұсыныстарды зерттеу және енгiзудi ұйымдастыру, кадр резервтерiн қалыптастыру, олардың оқуын, сынақ iсiн және қайта даярлауды ұйымдастыру жолымен жергiлiктi атқарушы билiк органдарында кадрлық саясатты жүзеге асырады;
  9. бұқаралық ақпарат құралдарында селолық округi әкiмiнiң күнделiктi қызметiнiң айқын түсiндiрiлуiн, олармен өзара қарым-қатынасты, мәселелердi шешу жолымен Республика Президентiмен және Үкiметiмен жүргiзiлетiн iшкi және сыртқы саясаттың, селолық округтiң экономикалық және әлеуметтiк жағдайының түсiндiрiлуiн ұйымдастырады;
  10. селолық округте заңдылық және құқық сақтауды нығайту мәселелерi жөнiнде селолық округ әкiмiнiң құқық қорғау органдарымен және сот жүйесi органдарымен өзара қарым-қатынасын және үйлестiрудi қамтамасыз етедi;
  11. селолық округi әкiмiнiң норма шығармашылық мiндетiнiң механизмiн жетiлдiру бойынша шара қолданады;
  12. қолданыстағы заңнамаға сәйкес нотариалдық әрекеттердi жүзеге асырады;
  13. тұрғындардың шаруашылық есебiн жүзеге асырады;
  14. салық заңнамасына сәйкес тұрғындардан салық жинауды және басқа бюджет түсiмдерiн ұйымдастырады және жүзеге асырады;
  15. селолық округi әкiмiнiң құзiретiне кiретiн мәселелер бойынша селолық округ әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң дайындалуын жүзеге асырады;
  16. кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бойынша жұмысты ұйымдастырады;
  17. ветеринарлық тiркеу және есептiң жүргiзiлуiн жүзеге асырады;
  18. селолық округi аумағында ветеринарлық-санитарлық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша ветеринарлық iс-шараларды өткiзудi жүзеге асырады;
  19. қолданыстағы заңнамада көзделген анықтамалардың берiлуiн жүзеге асырады;
  20. шаруасыз жатқан мүлiктi анықтауды жүзеге асыру және олар туралы мәлiметтердi коммуналдық мүлiктi басқаруды жүзеге асыратын ауданның жергiлiктi атқарушы органына тапсыру;
  21. мемлекеттiк қызметтердi көрсетудi жүзеге асырады;
  22. аса маңызды сұрақтарды шешу үшiн «Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ өзiнiң селолық округ аймағындағы елдi мекендердiң тұрғындарын жиынға жинайды. Әкiм осындай жиында төрағалық етiп олардың шешiмдерiне қол қойып орындалуын қамтамасыз етедi;
  23. заңнамамен қарастырылған басқа да қызметтердi жүзеге асыру.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ құқығы бар:

  • мемлекеттiк органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажеттi ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрауға және алуға;
  • мемлекеттiк басқару органдарымен және басқа ұйымдармен сәйкес аумақта басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру мәселелерi бойынша өз ара iс-қимыл жасауға;
  • қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқа да құқықтары мен қызметтерiн жүзеге асыруға құқылы.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ мiндеттi:

заңмен орнатылған мерзiмде жеке тұлғалардың және заңды тұлға өкiлдерiнiң өтiнiштерiн, прокурорлық iс-әрекеттердiң актiлерiн, өз құзыреттiлiгiнiң мәселелерi бойынша сұраныстарды қарауға мiндеттi.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қолданыстағы заңмен басқа да мiндеттер жүктелуi мүмкiн.

Жүктелген мiндеттерiн орындамағаны және тиiстi орындамағаны үшiн қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ жауапкершiлiк жүктеледi.

Дата публикации
11 декабря 2023
Дата обновления
11 декабря 2023
Тип

Сейчас читают

11 сентября 2025
Жер учаскелерін калыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту
11 сентября 2025
Қызметті қалай алуға болады: «Онлайн сенімхат»
04 сентября 2025
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы