GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
Денсаулық сақтау және демография
09 октября 2026
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Тайынша көп бейінді ауданаралық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі-Кәсіпорын) байқау кеңесі мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды

Кәсіпорын денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызметті жүзеге асырады. Кәсіпорынның мекен-жайы: СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қ., Крыжановский к-сі, 72 үй, тел. 8(71536) 2-12-57.

Қатысуға ниет білдірген адамдардың құжаттарын қабылдаудың басталу күні, мерзімдік баспасөз басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады.

 Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімінің, сондай-ақ төмендегі талаптардың бірінің болуын қамтиды:

1) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

2) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық бойынша басшы лауазымда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) Құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік.

Кандидат осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 30 күн ішінде Петропавл қ-сы, Театральная к-сі, 56 А, 17 каб. мекен-жайы бойынша келесі құжаттарды ұсынады::

  • 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда);
  • 2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
  • 3) өмірбаян (еркін нысанда);
  • 4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • 5) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
  • 6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі;
  • 7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекен-жайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

Ішкі және сыртқы конверттер:

1) тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) келесі мекен-жайғажіберіледі: Петропавл қ-сы, Театральная к-сі, 56 А, 17 каб.

2) «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Тайынша көп бейінді ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК Байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы» және «2026 жылдың 09 қарашасы күнгі сағ.17-00-ге дейін ашуға болмайды» деген сөз жазылған мазмұнда болуы тиісті.

Конкурстық өтінім келесі мекен-жайға жіберіледі: Петропавл қ-сы, Театральная к-сі, 56 а; каб. 17. Анықтама үшін тел.: 46-94-91 электрондық пошта: zdrav@sqo.gov.kz

Конверттерді ашу күні мен орны: 2026 жылдың 09 қарашасы күнгі жергілікті уақытпен 17-00-де, Петропавл қ-сы, Театральная к-сі, 56 А, каб. 17.

Конкурсты өткізу күні мен орны: 2026 жылдың 16 қарашасы күнгі жергілікті уақытпен 15-00-де, Петропавл қ-сы, Театральная к-сі, 56 А, каб. 17.

Денсаулық сақтау және демография
01 октября 2026
Петропавлда медицина саласына ондаған жыл ғұмырын арнап, өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлерге құрмет көрсетілді.

Қарттар күніне орай ұйымдастырылған салтанатты кездесу Ж. Тлеулин атындағы жоғары медициналық колледжде өтті. Бұл күні 17 медицина қызметкеріне алғыс білдіріліп, лайықты марапаттар табысталды.

Көп жылғы адал еңбегі үшін Айыртау аудандық ауруханасының фельдшері Ақтамар Омарова «Құрметті ардагері» төсбелгісімен марапатталды.

Ардагерлерге Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәкен Амрин жылы лебізін білдірді. Ол медицина қызметкерлеріне мамандыққа адалдығы, жоғары кәсібилігі және халыққа ұзақ жылдар бойы қалтқысыз қызмет еткені үшін алғыс айтты.

Кездесу ардагерлерге арналған мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.

Денсаулық сақтау және демография
01 октября 2026
Тайынша көпбейінді ауданаралық ауруханасында ауқымды жаңғырту жұмыстары аяқталды

Тайынша көпбейінді ауданаралық ауруханасында стационар ғимаратының ауқымды реконструкциядан кейінгі бірінші қабатындағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Заманауи триаж жүйесін енгізу арқылы қабылдау бөлімін жаңғырту жобасы Мемлекеттік арнайы қор қаражаты есебінен іске асырылды. Жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 1 176 млн теңгені құрады, оның 296,6 млн теңгесі 2025 жылы игерілді. Бүгінде құрылыс-монтаждау, әрлеу және іске қосу-баптау жұмыстарының барлық кешені толық аяқталды.

Реконструкция шеңберінде аурухананың екі корпусында құрылыс-әрлеу және инженерлік жұмыстардың толық кешені жүргізілді. Атап айтқанда, сылақ, плитка жабындары, едендер мен төбелер жаңартылып, электрмен жабдықтау, жылыту, желдету, сумен жабдықтау және кәріз жүйелері ауыстырылды.

Нысанға қажетті медициналық және әлсіз токты жабдықтар жеткізіліп, монтаждалды. Медициналық газдарды орталықтандырылған беру жүйесі пайдалануға берілді. Сондай-ақ заманауи кіруді бақылау жүйесі (ЗКБЖ), құрылымдалған кабельдік желілер (ҚКЖ), күзет және өрт дабылы жүйелері іске қосылды.

Жаңартылған қабылдау бөлімінің басты жаңалығы – пациенттер ағынын олардың жағдайының ауырлық дәрежесіне қарай тиімді бөлуге мүмкіндік беретін заманауи триаж жүйесінің енгізілуі. Бұл аудан тұрғындарына шұғыл және жедел медициналық көмек көрсету жылдамдығы мен сапасын едәуір арттыруға, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің жұмысына қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Жаңғырту жұмыстары шеңберінде мекеменің автопаркі де толықтырылды. Ауруханаға 12 жаңа жедел медициналық жәрдем көлігі берілді. Оның 11-і жедел медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында ауылдық елді мекендерге жіберілді, ал 1 көлік аудандық ауруханада шақыртуларға қызмет көрсету үшін қалдырылды.

Денсаулық сақтау және демография
16 сентября 2026
СҚО-да ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтуде
    15 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері басталды. Екі күн бойы Медициналық орталық ауруханасы мен Ұлттық госпиталь мамандары Петропавл қаласында пациенттер мен өңірдің медицина қызметкерлеріне арналған практикалық және білім беру іс-шараларын өткізеді.
    Бағдарламаның практикалық бөлігі Көпбейінді облыстық аурухана базасында өтуде. ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері бірнеше бағыт бойынша, соның ішінде лапароскопиялық, ангиографиялық, урологиялық, гинекологиялық және оториноларингологиялық операциялар жасайды. Сондай-ақ мамандар пациенттерге хирургия, нейрохирургия, урология, гинекология және оториноларингология бағыттары бойынша консультация береді.
    «Көшпелі формат пациенттерге көмек көрсетуді және өңірдегі әріптестермен тікелей тәжірибе алмасуды ұштастыруға мүмкіндік береді. Операциялар жергілікті мамандардың қатысуымен өтеді. Бұл қолданылатын әдістер мен пациенттерді емдеу тәсілдерін практика жүзінде талқылауға мүмкіндік береді. Бағдарламаның тағы бір маңызды бөлігі – консультациялар мен клиникалық жағдайларды бірлесіп талдау», – деді хирург Талғат Уразов.
    Бағдарламаның жеке бір бөлігі Солтүстік Қазақстан облысының дәрігерлерімен кәсіби тәжірибе алмасуға арналған. ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының мамандары гастроэнтерология, пульмонология, ревматология, анестезиология және реаниматология, эндокринология және ядролық медицина бағыттары бойынша онлайн-презентациялар, семинарлар өткізіп, клиникалық жағдайларды талдайды.
    Оқыту бағдарламасына ҚР ПІБ Медициналық орталығы Ұлттық госпиталінің мамандары да қатысады. Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының базасында реаниматолог дәрігер Сабыржан Амрин анестезиологтар мен реаниматологтарға инсульт алған пациенттерге интервенциялық нейрохирургиялық операциялардан кейін реанимация және қарқынды терапия жүргізу бойынша семинар өткізеді.
    Бұдан бөлек, Ұлттық госпиталь мамандары жедел гастродуоденалды қан кету, жатыр мойны обырының алдын алу, менопауза және гормон алмастыру терапиясы, сондай-ақ аналық бездердің поликистозды синдромы сұрақтары бойынша онлайн-семинарлар өткізеді.
    Медициналық орталық күндері пациенттерге практикалық көмек көрсету және өңірдегі медицина қызметкерлерімен кәсіби тәжірибе алмасуды көздейді.
Денсаулық сақтау және демография
10 сентября 2026
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК директорының бос лауазымын өткізуге Конкурс

"Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК бақылау кеңесі "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ – "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесімен шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органының басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшысының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларына сәйкес директордың  бос лауазымына конкурс жариялайды.

Конкурстың өтетін күні мен орны: 2026 жылғы 25 қыркүйек, сағат 16-00, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Мира көшесі, 1, директор кабинеті.

Кәсіпорынның атауы: "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы"КММ. Мекен - жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Мира көшесі, 1. Телефон 8715-35-21-4-37. Электрондық пошта musrep-rp@mail.ru.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Кәсіпорын тіркелген халыққа қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсетуді, сондай-ақ профилактикалық және стационарды алмастыратын көмекті дамыту және жетілдіру жолымен халықтың денсаулығын жақсартуды жүзеге асырады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, босқындарға, шетел азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес бюджет қаражаты есебінен беріледі.

      Бос лауазымға орналасуға конкурстың әлеуетті қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары медициналық білім, жоғары оқу орнынан кейінгі оқу курсынан өткені туралы құжаттың болуы, "Денсаулық сақтау менеджменті" білім беру бағдарламасы бойынша, медицина саласында кемінде бес жыл жұмыс өтілі, соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауаптылыққа (қылмыстық, әкімшілік) тарту туралы мәліметтердің болмауы.

Директордың негізгі лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шартын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазаға тартады, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда өзгеше көзделмесе; белгіленген еңбекке ақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесін, лауазымдық айлық ақылар мөлшерін, кәсіпорын қызметкерлеріне (өз орынбасарларын және бас есепшіні қоспағанда) сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді.  

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар келесі құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білім туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек өтілін растайтын құжат (еңбек кітапшасы);

5) 086/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы;

7) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар (қылмыстық, әкімшілік) жасағаны үшін жауапқа тарту туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар көрсетілген құжаттар тізбесін хабарландыруда көрсетілген электрондық мекенжайға ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары мен куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда, адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.    Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады.

Конкурстың басталу күні: 2026 жылғы 25 қыркүйек, сағат 16-00.

Конкурсқа қатысуға өтініш білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 2026 жылғы 25 қыркүйек, сағат 15-00.

    Байқау кеңесінің хатшысы.

Денсаулық сақтау және демография
02 сентября 2026
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Явленка аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Байқау кеңесінің мүшелігіне сайланған кандидаттар тізімі

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Явленка аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Байқау кеңесінің мүшелігіне сайланған кандидаттар тізімі:

Барабаш Александр Иванович;

Тағаниязов Нұржан Мейржанович;

Едресов Қанат Қаирлинович;

Федотова Лилия Муратжановна.

Денсаулық сақтау және демография
01 сентября 2026
Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінде білім күніне және жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті.

Жаңа оқу жылында «Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК студенттері Денсаулық сақтау саласында мамандық таңдаған 460 бірінші курс студенті колледж студенттерінің қатарына қосылды.

Жастар өздері үшін жауапты және асыл мамандықты – медицина мен адамдарға қызмет ету жолын таңдады. Алда студенттердің денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істеу үшін қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды игеру кезеңі күтіп тұр.

Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Саржанов Нұрсұлтан Жанатұлы бірінші курс студенттеріне, оқытушылар мен ата-аналарға құттықтау сөз сөйледі.

Ол студенттердің таңдаған мамандығының маңыздылығын атап өтіп, медицина қызметкері тек терең білімі бар маман ғана емес, сонымен қатар жоғары жауапкершілігі, мейірімділігі және адамдарға күнделікті көмектесуге дайын адам екенін атап өтті.

460 студент үшін білімге, жаңалықтарға және болашақ мамандыққа алғашқы қадамдарға толы өмірдің жаңа кезеңі басталады. Колледж түлектері Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға лайықты үлес қосатынына сенімдіміз.

Денсаулық сақтау және демография
01 сентября 2026
«Облыстық көп бейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК (бұдан әрі – кәсіпорын) Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды

Кәсіпорын денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызмет атқарады. Мекенжайы: 150007, СҚО, Петропавл қаласы, Пушкин көшесі, 23, тел. 8(7152) 46-43-27, 46-48-13.

Үміткерлерге қойылатын талаптар жоғары білімді, сондай-ақ мынадай талаптардың бірін қамтиды: 1) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық бейіні бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы. 2) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның және экономика/қаржы және бизнес және басшы лауазымындағы құқық бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы. 3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және(немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік.

Кандидат осы хабарландыру басылып шыққан күннен бастап 30 күн ішінде мына мекенжайға: Петропавл қаласы, Театр көшесі, 56а, 23 кабинетке келесі құжаттарды ұсынады (еркін формада) ;

  1. конкурсқа қатысу жөнінде өтінішін (еркін формада);
  2. мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндемесін;
  3. өмірбаянын (еркін формада);
  4. кандидаттың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
  5. жоғары білімі жөніндегі құжаттың көшірмесін;
  6. Кодекстің 35-бабына сәйкес еңбек еткенін растайтын құжаттардың көшірмесін;
  7. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша комитетінің аумақтық бөлімшелерімен берілген сотты болмағандығы және жемқорлық құқық бұзушылығы болмағандығын растайтын құжаттарды.

Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ тағайындау туралы құжаттардың, ғылыми басылымдардың, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтан мінездеме көшірмесін) қатысты қосымша ақпарат ұсына алады.

Кандидат конкурсқа өтінім тұпнұсқасын конвертке салып, «Түпнұсқа» деп белгілейді. Бұл конвертте кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және мекенжайы көрсетілуі қажет. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынады.

Ішкі және сыртқы конверттерде:

1) шақыруда немесе кезеңдік баспадағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша сәйкес саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) жолдануы;

2) «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Облыстық көп бейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы» және 2026 жылғы «30» қыркүйек сағат 17:00 дейін ашпаңыз» сөздері болу қажет.

 Конкурстық өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данадан жолданылады.

Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс Петропавл қаласы, Театр көшесі, 56а, 23 кабинеті мекенжайы бойынша 2026 жылғы «09» қазан  сағат 17:00  өткізіледі.

Анықтамалар алуға арналған телефон: 46-94-91

Денсаулық сақтау және демография
28 августа 2026
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Явленка аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Байқау кеңесінің мүшелігіне кандидаттар тізімі

 «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Явленка аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Байқау кеңесінің мүшелігіне кандидаттар тізімі:

 

Барабаш Александр Иванович;

Таганиязов Нуржан Мейржанович;

Едресов Канат Каирлинович;

Федотова Лилия Муратжановна;

Сатин Смаил Зейноллинович.

 

Байқау кеңесінің мүшелігіне кандидаттармен әңгімелесу 2026 жылғы 28 тамыз сағат 17:00-де өткізіледі.

Денсаулық сақтау және демография
14 августа 2026
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шал ақын ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі-Кәсіпорын) байқау кеңесі мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Кәсіпорын денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызметті жүзеге асырады. Кәсіпорынның мекен-жайы: СҚО, Шал ақын ауданы, Сергеевка қ., П.Гончара к-сі, 119 үй, тел. 8(71534) 2-01-88.

Қатысуға ниет білдірген адамдардың құжаттарын қабылдаудың басталу күні, мерзімдік баспасөз басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады.

 Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімінің, сондай-ақ төмендегі талаптардың бірінің болуын қамтиды:

1) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

2) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық бойынша басшы лауазымда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) Құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік.

Кандидат осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 30 күн ішінде Петропавл қ-сы, Театральная к-сі, 56 А, 17 каб. мекен-жайы бойынша келесі құжаттарды ұсынады::

  • 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда);
  • 2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
  • 3) өмірбаян (еркін нысанда);
  • 4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • 5) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
  • 6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі;
  • 7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекен-жайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

Ішкі және сыртқы конверттер:

1) тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) келесі мекен-жайғажіберіледі: Петропавл қ-сы, Театральная к-сі, 56 А, 17 каб.

2) «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Шал ақын ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы» және «2026 жылдың 12 қыркүйек күнгі сағ. 17-00-ге дейін ашуға болмайды» деген сөз жазылған мазмұнда болуы тиісті.

Конкурстық өтінім келесі мекен-жайға жіберіледі: Петропавл қ-сы, Театральная к-сі, 56а, каб. 17. Анықтама үшін тел.: 46-94-91 электрондық пошта: zdrav@sqo.gov.kz

Конверттерді ашу күні мен орны: 2026 жылдың 14 қыркүйек күнгі жергілікті уақытпен  17-00-де, Петропавл қ-сы, Театральная к-сі, 56 А, каб. 17.

Конкурсты өткізу күні мен орны: 2026 жылдың 18 қыркүйек күнгі жергілікті уақытпен  15-00-де, Петропавл қ-сы, Театральная к-сі, 56 А, каб.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы