«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының негізгі қызметі медициналық қызмет көрсету болып табылады.
Заңды мекен-жайы: 1500009 Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ. Тауфик Мухамед–Рахим көшесі 27.
Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 02 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» № 70 Қаулысына сәйкес өткізіледі
Біліктілік талаптары: медицина саласындағы жоғары білім (санитариялық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру үшін – бейіні бойынша);
«Қоғамдық денсаулық сақтау»/«Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша жоғары/бірінші біліктілік санатының немесе экономика/қаржы және несие/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің болуы немесе немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуды аяқтаған адамдар үшін)/ «Бизнес әкімшілендіру», «Іскерлік әкімшілендіру», «Экономика», «Қаржы және кредит» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторы дәрежесінің болуы;
денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 2 жыл; немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және «Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;
денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы;
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдары, денсаулық сақтау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер, халықтың денсаулық жағдайының статистикасы, халықтың денсаулық жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштер, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктері, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың және денсаулық сақтауды басқару жүйесінің теориялық негіздері, санитарлық ағартуды, халықты гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру, адамның тіршілік ету ортасының факторлары, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері, қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесінің негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік.
Конкурсқа қатысу үшін бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күн ішінде Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56А, 23 кабинет мекенжайы бойынша келесі құжаттар ұсынылуы тиіс:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білім туралы құжаттың көшірмесі;
5) еңбек кітапшасының көшірмесі (ол болған жағдайда) немесе еңбек шарты, не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмесі, сонымен қатар алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсыныстары және т.б.).
Құжаттарды ұсыну мерзімі: 2020 жылғы 08 қыркүйек бастап 2020 жылғы 22 қыркүйекті қоса сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін мына мекенжай бойынша: Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56А, 23 кабинет.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ 2020 жылғы 02 қазан сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін мына мекен-жайда өтеді: Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56А, 20 кабинет.
Анықтама үшін телефон: 46-94-91, электрондық мекен-жайы: zdrav_adm@sko.kz