Күні: 2024 жылғы 05 желтоқсан
Орны: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56 а.
Тақырыбы: «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы №48/13 шешіміне өзгеріс енгізу туралы».
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» мәслихаттың 2020 жылғы 7 қазандағы № 48/13 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты шешімінің осы жобасын әзірленуі туралы хабарлайды.
Осы жобаны әзірлеудің мақсаты Солтүстік Қазақстан облысында азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін негізде белгілі бір аурулары (жағдайлары) бар азаматтар үшін қымбат дәрілік заттар сатып алу болып табылады. Бүгінгі күні қаржыландыру көлемі мен пациенттерді амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етумен қамту толық емес болып отыр, қосымша қаражат бөлу қажет, бұл ауыр (орфандық) онкологиялық науқастарды дәрілік заттармен қосымша қамтамасыз ету жөніндегі тетіктерді әзірлеуді талап етеді.
«Бүйректің қатерлі ісіктері», «Ювенильді идиопатиялық артрит жүйелік түрі», «Спецификалық емес ойық жаралы колит», «Муковисцидоз», «Ювенильді артрит (серонегативті)» және «Оптиконевромиелит» сияқты аурулардың ағыны ауыр пациенттер және оларды «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесітуралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес амбулаториялық деңгейде қосымша дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы облыстың медицина ұйымдарынан өтінім хаттар түсуіне байланысты «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 31 мамырдағы шешіміне өзгерістер енгізу арқылы қажетті дәрілік заттарды қосуға бастама жасайды.
Сирек кездесетін аурулар медициналық-әлеуметтік тұрғыдағы маңызды проблема болып табылады. Қатерлі ісіктермен, жұлынның алдыңғы бөлігінің моторлы нейрондарының зақымдалуынан/жоғалуынан туындайтын тұқым қуалайтын аурулардың әртүрлі топтарымен, буындардың басым зақымдануымен балалар мен жасөспірімдердің ауыр прогрессивті ауруымен және т.б. науқастанудың әлеуметтік маңыздылығы этиологиялық факторлардың әртүрлілігіне және емдеудің күрделілігіне байланысты.
Осыған байланысты ауыр науқас пациенттерге осы ауруларды емдеу кезінде сапалы, уақытылы және қауіпсіз медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін қымбат дәрілік заттар беру қажет деп есептейміз.
Басшы Қ. Б. Бижанов