«Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтардың тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасы пресс-релиз

«Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтардың тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасы  пресс-релиз

Күні: 2024 жылғы «28» қараша

Орны: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ, Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56 а

Осы жобаны әзірлеу Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінде дәрігерлер тапшылығының болуымен, «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 14-8) тармақшасына сәйкес негізделеді.

Мониторинг жүргізілді, оның нәтижесі бойынша мамандықтардың тапшылығы анықталды, осыған байланысты өңірдің ауылдық елді мекендеріне аса тапшы медициналық мамандықтарды тарту үшін жұмыс жүргізілді.

Солтүстік Қазақстан облысы мамандарды жұмысқа тарту бойынша шаралар қабылдауда, көтерме жәрдемақылардың ставкалары көтерілуде, Қазақстан Республикасы бойынша кадрларды өңірге тарту және тапшылығын азайту үшін Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан жас мамандарға арналған әлеуметтік пакетті арттыру тапсырмасы бар.