Хабарладыру

Хабарладыру

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi «Еңбек нарығының қажеттiлiктерiн ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлiмдерiне, сондай-ақ мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына сәйкес, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң «Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар қадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша оқытуға жоғары оқу орындары арасында конкурс өткiзудi жариялау туралы» өкiмi сәйкес 2020-2021 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру туралы конкурс жариялайды.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшiн жоғары оқу орындары мынадай қажеттi құжаттарды ұсынады:

  1. 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы жоғары оқу орнының өтiнiмiн;
  2. 2-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы жоғары оқу орнының сауалнамасын;
  3. 3-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы тиiстi оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастырудың ұсынысын.

Конкурстық өтiнiмге кiретiн құжаттар тiгiледi, нөмiрленедi, жоғары оқу орнының бiрiншi басшысы қол қояды, мөрiмен расталады және конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген тәртiппен ұсынылады. Конкурстық өтiнiм бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органға конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсеткен сағат пен күннен кешiктiрiлмей ұсынылады.

Қосымшалар қағаз және электрондық тасығыштарда ұсынылады. Мемлекеттiк тапсырысты орналастырудың ұсыныстарды электрондық нұсқасын zdrav_adm@sko.kz электрондық поштаға жiберу қажет.

Конкурстық өтiнiм беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн түскен конкурстық өтiнiмдер кешiгу себептерiне қарамастан қаралмайды.

Конкурстық өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн оларға қандай да бiр өзгерiстер енгiзуге рұқсат етiлмейдi.

Конкурсқа қатысуға арналған құжаттар конкурсты ұйымдастырушының төмендегi мекен-жайда орналасқан кеңсесiне а.ж. 5 тамыз сағат 18:30-ге дейiн ұсынылады: «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы» КММ, 150000, Солтүстiк Қазақстан облысы, Театральная көшесi, 56А, 469491, 23 каб.

Қосымша