
18 шілде күні облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Қаныш Бижановтың төрағалығымен өткен алқа отырысында бірінші жарты жылдықтың негізгі көрсеткіштері талқыланды. Денсаулық сақтау саласындағы басты көрсеткіштер қатарына туу, өлім, ана мен бала денсаулығы, қатерлі ісік пен жүрек-қан тамыр аурулары жатады. Жалпы алғанда тұрғындардың аурушаңдығын анықтау. Осы орайда облыстағы көрсеткіштер былтырғымен салыстырғанда оң нәтижеге қол жеткізген.
Атап айтар болсақ: акушер-гинекология саласы, онкологиялық аурулар, облыстағы бала өлімі мен кардиологиялық қызметті сараптау барысында әр аудандағы жағдай талданды.