Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2024-2025 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар денсаулық сақтау саласындағы медициналық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2024-2025 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар денсаулық сақтау саласындағы медициналық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ 2024-2025 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар денсаулық сақтау саласындағы медициналық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін барлық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) назарына Солтүстік Қазақстан облысының медицина ұйымдары бойынша сұранысы бар клиникалық мамандықтардың тізбесін жеткізіп отыр.
Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – ЖАО) есебінен резидентураның клиникалық мамандықтары бөлінісіндегі 2024 жылға арналған білім беру гранттарының саны төменде берілген:
Резидентура бойынша:
1. Акушерлік іс және гинекология ересектер, балалар - 12
2. Кардиология ересектер, балалар - 10
3. Неврология ересектер, балалар - 1
4. Нейрохирургия ересектер, балалар - 2
5. Нефрология ересектер, балалар - 1
6. Жалпы хирургия - 5
7. Онкология ересектер – 5
8. Оториноларингология ересектер, балалар - 6
9. Офтальмология ересектер, балалар – 5
10. Психиатрия ересектер, балалар - 2
11. Пульмонология ересектер, балалар – 1
Жиыны – 2024 жылға Солтүстік Қазақстан облысының ЖАО бюджетінің қаражаты есебінен 50 клиникалық мамандыққа грант жоспарланған.
Жергілікті атқарушы органның (ЖАО) бюджетінің қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында резидентура мен магистратурада медициналық кадрларды даярлау бойынша қызметті сатып алу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі-ЖЖОКБҰ) арасында конкурс жариялайды.
ЖЖОКБҰ-на Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім беру салаларындағы заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (бұдан әрі - ҚР МЖМБС), санитарлық – гигиеналық нормаларға және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға қатысатын барлық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттары жатады.
Медициналық ЖЖОКБҰ конкурстық құжаттаманы электрондық нұсқада (нұсқасы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес) 2024 жылғы 9 тамызды қоса кешіктірмей мына электрондық адреске ұсынады: zdrav@sqo.gov.kz
Конкурсқа қатысу үшін медициналық ЖЖОКБҰ мына құжаттардан тұратын конкурстық өтінімді «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ ұсынады:
1) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша ЖОО өтінімі;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша ЖОО сауалнамасы;
3) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстар.
Конкурстық өтінімдегі құжаттар нөмірленеді, ЖЖОКБҰ бірінші басшысының қол қойылады, мөрмен расталады және Солтүстік Қазақстан облысының ДСБ бекітілген техникалық ерекшелігіне сәйкес ұсынылады.
(«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ қоғамдық денсаулық сақтау бөлімі, 23 каб., тел. 8-705-641-63-94).