Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2024 жылғы 10 маусымнан бастап басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Талданатын кезең 2023 жылғы мамыр айыннан бастап 2024 жылғы мамыр айына дейін.
Осыған байланысты, 2024 жылғы 10 маусымға дейінгі мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар проблемалық мәселелерді
zdrav @sqo.gov.kz электрондық мекенжайға жіберуді сұраймыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда 8(7152)469491 телефоны бойынша хабарласу қажет.