Директордың бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Директордың бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ (бұдан әрі – уәкілетті орган) «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық» ШЖҚ КМК директоры бос лауазымына конкурс жариялайды. Мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., 2-ші Кирпичная к-сі 6/1, телефон 8-7152-50-75-45.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық» ШЖҚ КМК (бұдан әрі – Кәсіпорын) қызметінің мақсаты профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізу, АИТВ инфекциясын диагностикалау және емдеу болып табылады.
Директордың бос лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:
Директордың бос лауазымындағы конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білімі бар, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат); «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе «Бизнес және құқық» немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм) дәрежесі; не «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм); Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты бар; басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл бар тұлғалар қатыса алады.
Директордың лауазымдық міндеттері: денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметін басқарады, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.
Ұйымның саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін анықтайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға жеке жауапты болады.
Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйымның қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша тиімді шаралар қабылдайды.
Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне, санитарлық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуына жедел және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады.
Медициналық этика талаптарының, ұйым қызметіндегі, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерді қабылдауды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Шарттар жасасады, жеке және заңды тұлғалармен мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.
Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымды білдіреді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібінің талаптарын, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалануды, өртке қарсы қауіпсіздікті, еңбек қауіпсіздігі мен қорғауды, санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтауды қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есеп беруін қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (бұдан әрі – конкурсқа қатысушы) мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) еркін нысанда баяндалған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) білім туралы құжаттардың көшірмелері;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;
5) 075/у нысаны бойынша анықтама;
Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдары) болған жағдайда ұсынады.
Конкурсты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 04 наурыздағы № 10379 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорын басшысын аттестаттауды тағайындау және өткізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларымен реттеледі.
Құжаттарды қабылдау электрондық мекенжайға zdrav@sqo.gov.kz: 2024 жылдың 22 ақпаннан 07 наурызға дейін жүргізіледі.
Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда, тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурстың өтетін күні мен орны: 2024 жылғы 13 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 17.30-да, Петропавл қ., Театральный к-сі, 56а.