Солтүстiк Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы облыстық тұрғындарын, «Саби» қоры көрсетiп жатқан қайырымдылық көмек аясында, коронавирусқа қарсы денелердi анықтау бойынша тегiн экспресс-тестiлеу өтуге шақырады. Тестiлеудi орындайтын оператор ретiнде жеке зертханалардың бiреуi тағайындалды.
Экспресс-тестiнi өту үшiн cdl.kz сайтында сауалнама толтыру қажет. Денсаулық сақтау министрлiгiнiң эпидемиологтары эпидемилогиялық өлшемдер негiзiнде сауалнамаларды iрiктеп алады. Содан кейiн, байланыс-орталықтың операторлары пациентпен байланысып әр қайсы пациентке емшара кабинетiне келу уақытын жеке тағайындайды.
Қауiпсiздiк шараларын сақтау мақсатында пациент белгiлi ережелердi сақтау тиiс, ол:
Экспресс-тестiлеу коронавирусқа деген иммундық жүйенiң әсерiн бағалап, бармақтан алынған қанда IgM және IgG классты ерекше қарсы денелердi анықтайды.
IgM қарсы денелер бiрiншi болып қалыптасады, iндет жұққаннан кейiн 7-10 күн аралығында пайда болады.
IgG қарсы денелер кейiн қалыптасады, ол iндетпен ауырған әрi оған қарсы қалыптасқан иммундық жауаптың белгiсi болып табылады.
Экспресс-тестiлеудiң нәтижесi талдау тапсырғаннан кейiн 15 минутта ұсынылып, сауалнама толтырған кезде көрсеткен электрондық поштаға жiберiледi.