Солтүстiк Қазақстан облысының медициналық қоғамдастығы және «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы» КММ барлық ұжымы Жамбыл аудандық ауруханасының бас дәрiгерi Ерлан Әскерұлы Мүсетаевтың 2020 жылғы 09 сәуiр күнi оң гемисферада кең ишемиялық инсульт нәтижесiнде қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңiл айтады

Солтүстiк Қазақстан облысының медициналық қоғамдастығы және «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы» КММ барлық ұжымы Жамбыл аудандық ауруханасының бас дәрiгерi Ерлан Әскерұлы Мүсетаевтың 2020 жылғы 09 сәуiр күнi оң гемисферада кең ишемиялық инсульт нәтижесiнде қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңiл айтады

Ерлан Әскерұлы 1966 жылы 5 қаңтарда Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Орталық ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Орман орта мектебiн бiтiрдi. Сол жылы Целиноград мемлекеттiк медициналық институтына емдеу факультетiне оқуға түстi.

1986 жылдан 1988 жылға дейiн Кеңес әскерi қатарында мiндетiн атқарды.

1992 жылы Целиноград мемлекеттiк медициналық институтын «Хирург» мамандығы бойынша бiтiрген.

1992 жылдан 1993 жылға дейiн Петропавл қаласының 3 қалалық ауруханасында хирург мамандығы бойынша интернатурадан өттi.

1993 жылдың шiлде айынан бастап Мәскеу ауданының Корнеевка орталық аудандық ауруханасының дәрiгер-хирург болып жұмыс iстедi.

1997 жылдың қараша айынан бастап Жамбыл ОАА дәрiгер-хирург болып ауыстырылды. 2003 жылдың 9 қаңтарынан бастап хирургия бөлiмшесiнiң меңгерушiсi болып тағайындалды.

2007 жылдың 14 ақпанынан қазiргi уақытқа дейiн «СҚО әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Жамбыл аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК басқарды.

Осылайша, Мүсетаев Ерлан Әскерұлы қарапайым хирург-дәрiгерден бас дәрiгерге дейiнгi дәрежеге жеттi.

2011 жылдан бастап облыстық мәслихаттың 5-шi және 6-шы шақырылымының депутаты.

Үйленген, қызы бар.

«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi» белгiсiмен, «10 жыл Астана», «Астана 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 25 жыл» медалiмен, «Көп жылдық адал еңбегi үшiн», «Облыстың әлеуметтiк-экономикалық және мәдени дамуына және ұлттық мереке — Тәуелсiздiк Күнi құрметiне үлкен үлес қосқаны үшiн» Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң Құрмет грамотасымен, медицина қызметкерлерi күнiне орай 2005 жылы Жамбыл ауданы әкiмiнiң Алғыс хатымен марапатталған.

Ерлан Әскерұлы ұжым ортасында зор құрметке ие және жұмыс бойынша әрiптестерiне, пациенттерге және аурухана қызмет көрсететiн ауыл тұрғындарына өте мұқият және қамқор болды.

Ерлан Әскерұлы Мүсетаев туған-туыстары, достары мен әрiптестерiнiң есiнде тамаша маман ретiнде ғана емес, сондай-ақ жоғары рухани және этикалық қасиеттерге ие адам болып қалады.