НЕКРОЛОГ

НЕКРОЛОГ

Әбілев Жеңіс Маратұлы

          54 жасында керемет адам, білікті дәрігер, дарынды басшы - Әбілев Жеңіс Маратұлы қайтыс болды.

       Жеңіс Маратұлының өмірі мен еңбек жолы - өңіріміздің денсаулық сақтау саласына қосқан үлкен жетістіктерге толы.

      Ол жерлестері, әріптестері, пациенттер және онымен таныс адамдар арасында үлкен бедел мен құрметке ие болды.

      Ол сүйікті жар, ұл, төрт баланың керемет әкесі, қамқор ата болды.

      Жеңіс Маратұлы 1970 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Совет ауданы Смирново ауылында дүниеге келген.

      1994 жылы Ақмола мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтаған.

       Еңбек жолын 3-ші қалалық аурухананың хирургия бөлімшесінің дәрігер-хирургі болып бастаған.

       2005-2008 жылдары 3-ші қалалық ауруханада бас дәрігердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары, 2008-2011 жылдары 3–ші қалалық аурухананың хирургия бөлімшесінің дәрігер-хирургі және 2011-2023 жылдары «№2 қалалық емхана» ШЖҚ КМК директоры болып қызмет етті.

      Әбілев Жеңіс Маратұлы қызмет ету барысында өзін жоғары білікті, , жақсы теориялық дайындығы және бай клиникалық тәжірибесі бар дәрігер маман ретінде көрсете білді. Ұйымдастырушылық жұмысты емдеу және қоғамдық қызметпен сәтті үйлестірді, науқастарды диагностикалауға және емдеуге белсенді жәрдемдесіп, қатысты, пациенттер мен әріптестері арасында зор беделге ие болды. Ол өте ашық және жанашыр адам болатын.

      Кәсіби қызмет кезеңінде «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

     Жеңіс Маратұлы туралы жарқын және мейірімді естелік біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

      Денсаулық сақтау басқармасының ұжымы және Солтүстік Қазақстан облысының барлық медициналық жұртшылығы ауыр және орны толмас қайғыға байланысты туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл білдіреді.