2023 жылғы 6 маусым Денсаулық сақтау басқармасы ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдармен азаматтардың өтініштерін сапалы қарау тақырыбында онлайн семинар өткізді

2023 жылғы 6 маусым Денсаулық сақтау басқармасы ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдармен азаматтардың өтініштерін сапалы қарау тақырыбында онлайн семинар өткізді

2023 жыл 6 маусым денсаулық сақтау басқармасы ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдармен «Өтініш берушілердің қаралған өтініштерге берген жауаптарына қойған бағаларын талдау», «Азаматтардың өтініштерін жан-жақты және сапалы қарау мәселесі бойынша» тақырыпта онлайн-семинар өткізілді.
E-Өтініш ақпараттық жүйесінде өтініш берушілерге мемлекеттік органдардың жауаптарын бағалауға, сондай-ақ пікірлер қалдыруға мүмкіндік береді. Бұл ақпарат «Qlik» модулінде көрсетіледі және тек облыс әкімінің аппаратында қолжетімді.
Облыс әкімі аппаратының азаматтардың өтініштерімен жұмыс бөлімі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың берген жауаптарына қанағаттанушылық туралы өтініш берушілердің кері байланысына мониторинг жүргізді.
2023 жылдың 4 ай ішінде облыстың денсаулық сақтау басқармасына және ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдарына «Е-Өтініш» АЖ-де 693 өтініш (оның 392-сі денсаулық сақтау басқармасында, 301-і медициналық ұйымдарда) тіркелді.