
«Primary Health care» Ұлттық Ассоциациясының Президенті, м.ғ.д, профессор Т. К. Рахыпбеков ДДҰ қатысуымен Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болғанда «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК, «№3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК, «Мамлют аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК медицина ұйымдарында Қазақстанның МСАК (медициналық-санитарлық алғашқы көмек) инновациясы – халыққа қызмет көрсетудің отбасылық қағидатына баса назар аудара отырып, МСАК-тың әлеуметтік бағдарланған моделі ретінде «Үздік тәжірибелер орталықтары» тақырыбына шолу дәрісін өткізді.
Үздік тәжірибелер орталығы (ҮТО) халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, пациенттерге сапалы және жедел көмек көрсету, озық инновациялық технологияларды пайдалану, мамандардың кәсіби дағдыларын арттыру болып табылады.
ҮТО енгізудің мақсаты қоғамдық денсаулық сақтау және медициналық-санитарлық алғашқы көмек, медициналық, әлеуметтік ғылымдар мен білім беруді, мейірбике ісін дамыту саласындағы тараптар арасындағы ынтымақтастықты дамыту және МСАК денсаулық сақтау ұйымдары үшін демонстрациялық алаң ұсыну болып табылады.
ҮТО енгізудің арқасында МСАК жұмысының мына көрсеткіштері жақсарады:
Мұндай трансформация денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштердің жақсаруына әкеледі, мысалы, мейірбикелер ұсынатын аурулардың алдын алу қызметтері көлемінің артуы, денсаулықтың әлеуметтік мәселелеріне, әлеуметтік қызметкерлерге және психологтарға қатысты мәселелерді тиімдірек шешу.